ҚАЛАДАҒЫ КӨКӨНІС ҚОРЛАРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов Талдықорған қаласындағы көкөніс сақтау қоймаларын аралады. Ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда қоймаларда шамамен 1400 тонна картоп, 350 тонна пияз және 250 тонна сәбіз қоры бар.
Ірі сақтау нысандарының бірі – «Жетісу Агро кешені» ЖШС, мұнда заманауи климаттық бақылау жүйесі орнатылған. Қала әкімінің орынбасары азық-түлік қауіпсіздігі – жергілікті биліктің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
«Қала тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар өнімдермен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қор жеткілікті. Бағаны тұрақты ұстап, өнім сапасын бақылау жұмыстары жалғасады», – деді Қ.Сейтімбетов.
Сақталған көкөністер әлеуметтік дүкендер арқылы тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынылуда.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»
