«Төрле, төрлет, Жаңа жыл!»

2025 жылы 29 желтоқсан күн Жаңа жыл қарсаңында 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалы ұжымының ұйымдастыруымен бүлдіршіндер мен кітапхананың белсенді оқушыларына арналып «Төрле, төрлет, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік өткізілді.
Жаңа жылдық ертеңгілік барысында балалар шырша жанында ән айтып, би билеп, Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алды. Аяз Ата мен Ақшақарға балалар үйден дайындап келген өлеңдерін мәнерлеп оқып, қызықты ойындарға белсене қатысты. «Сиқырлы себет», «Ұшты-ұшты!» секілді көңілді сайыстар ұйымдастырылып, балалар мерекелік көңіл күйге бөленді. Аяз Ата әр балаға жылы тілек айтып, арнайы дайындалған сыйлықтарын табыстады. Шара соңында кітапхана ұжымы келген қонақтарға алғысын білдіріп, Жаңа жылда жарқын жетістіктер мен мол шаттық тіледі. Мақсаты -балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, Жаңа жыл туралы түсінік бере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, татулыққа, достыққа, бірлікке баулу, балаларға өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік ертеңгілікті көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру. Мерекелік ертеңгілік балалардың есте қаларлық сәттерге толы көңілді кеші болды.
Күміс Жұмаділқызы,
3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана
филиалының кітапханашысы,
Талдықорған қаласы
