АРНАЙЫ САЛЫҚ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде «Жаңа Салық кодексі: арнайы салық режимдері және ауысу тәртібі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
Іс-шараға Жетісу облысы Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Нуршанова Жанар Құдайбергенқызы спикер ретінде қатысты. Баспасөз мәслихатында Жаңа Салық кодексінде көзделген негізгі арнайы салық режимдері, атап айтқанда патент негізіндегі режим, жеңілдетілген декларация негізіндегі режим, шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы режим, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған режимдер туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар арнайы салық режимдерін қолдану шарттары, табыс пен қызмет түрлеріне қойылатын талаптар, есептілік тапсыру тәртібі және бір режимнен екіншісіне ауысу қағидалары түсіндірілді. Іс-шара барысында шағын және орта бизнес өкілдері үшін қарастырылған салықтық жеңілдіктер мен жаңа өзгерістердің практикалық маңызы жан-жақты талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Айым САБЫРЖАН
