
«Арасан» шекара бөлімшесінде ашық есік күні өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Арасан» шекара бөлімшесінде «Жас шекарашы» үйірмесіне арналған ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға шекара қызметінің ерекшеліктері таныстырылып, әскери техника мен құрал-жабдықтар көрсетілді. Кездесу жастардың патриоттық тәрбиесін нығайтып, әскери мамандыққа қызығушылығын арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
