«Жетісудың» екі жеңісі

0
63

Футболдан Қазақстан чемпионатының жеті туры артта қалды. Биылғы біріншілікте көш бастаушылардың қатары көбейіп, топ тізгінін ұстауға бес команда бірден үміткер болуда. Әзірше, турнир кестесінің бірінші-екінші орынын былтырғы ел чемпионы Алматының «Қайраты» мен Шымкенттің «Ордабасы» командасы бөлісуде. Қос ұжым да қоржындарына 15 ұпайдан жинап үлгерген. Семейдің «Елімайы» 13 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал, одан бір ұрайы ғана кем Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен «Астана» 4-5 орындарға жайғасқан.
Ал, 11 ұпай жинаған біздің жерлестеріміз «Жетісу» алтыншы орынға орнықты. Сүйсінерлігі сол, «Жетісу» алтыншы турда сырт алаңда 2:1 есебімен Павлодардың «Ертісін» сүріндірсе, жетінші турда Талдықорғанда Жезқазғанның «Ұлытау» командасының қақпасына жауапсыз екі доп соғып, қатарынан екінші жеңіске қол жеткізді. Сөйтіп, жезқазғандықтарды басып озып, турнир кестесіндегі жағдайын тәр тәуір түзеп алды. «Жетісу» кезекті ойынын ертең 5 ұпаймен көш соңындағылар тобында келе жатқан Қызылорданың «Қайсарымен» қонақта өткізеді.

Өз тілшіміз