Панфилов ауданында жоғары сынып оқушыларымен патриоттық кездесу өтті

0
22

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Қорғас» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары лейтенант Н.Нұржанов пен ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттары жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – оқушыларды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелерімен құттықтау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында офицерлер жастарға Отан қорғаудың қасиетті борыш екендігін айтып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шекарашылардың рөлі туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.
Сонымен қатар, оқушылардың патриоттық рухын көтеру және оларды ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсуге бейімдеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті