«Нұр жолы» шекаралық бақылау бөлімшесінің курсанттары Жаркент мешіті музейіне барды

0
23

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» шекаралық бақылау бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара академиясының 1-курс курсанттарымен рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейіне мәдени-көпшілік сапар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында курсанттар тарихи-мәдени мұралармен танысып, музейдің тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері жөнінде ақпарат алды. Сонымен қатар, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен тарихи мұраларды құрметтеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Танымдық сапар курсанттардың рухани дүниесін байытып, патриоттық тәрбиесін нығайтуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті