Шекарашылар саябақты қалпына келтіру жұмыстарына қатысты

0
21

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы Елтінді батыр атындағы орта мектеп аумағындағы Жеңіс саябағында орналасқан мәңгілік алау мен ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарына қатысты.
Іс-шара тарихи мұраларды сақтау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында ескерткіштер аумағы абаттандырылып, тазалық және жөндеу шаралары жүргізілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департамент