Алакөл ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара өтті

0
31

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Шындалы» және «Жетісу» шекара бөлімшелерінің жеке құрамы Достық ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған бірлескен іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында әскери қызметшілер саптық өту мен қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен арнайы көрініс көрсетіп, өздерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби шеберліктерін паш етті.
Аталған шара жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және әскери қызметтің беделін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті