Панфилов ауданында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша семинар өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Көксу» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АҚТҚ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКК мамандары Д.Қуатбекова мен М.Калиахметова «Жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында әскери қызметшілерге инфекцияның таралу жолдары, оның алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Семинар жеке құрамның медициналық сауаттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
