Алакөл ауданында «Отанға адал қызмет – ұрпаққа аманат» тақырыбында көрсетілім сабақ өтті

0
18

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Сарқан шекара бөлімінің «Арасан» шекара бөлімшесі Ақсу аудан әкімдігімен бірлесіп 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Отанға адал қызмет – ұрпаққа аманат» тақырыбында «Жас шекарашы» үйірмесімен көрсетілім сабақ өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға әскери қызметтің ерекшеліктері таныстырылып, саптық дайындық пен шекарашылардың күнделікті қызметінен көріністер көрсетілді. Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беру және Отан алдындағы жауапкершілікті түсіндіру бағытында әңгімелер жүргізілді.
Аталған шара жас ұрпақтың әскери қызметке қызығушылығын арттыруға және патриоттық рухты нығайтуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті