Шекарашылар волейболдан үздік атанды

Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде ҚР Қорғаныс министрлігі 18404 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен әскери бөлімдер мен құқық қорғау органдары арасында Әскери прокурор кубогына арналған волейболдан чемпионат өтті.
Тартысты өткен жарысқа өңірдегі әскери бөлімдер мен күштік құрылымдардың командалары қатысып, жоғары ойын өрнегін көрсетті. Командалар топтық кезең мен финалдық кездесулерде өзара бақ сынады.
Нәтижесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының құрама командасы барлық қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды иеленіп, Әскери прокурор кубогын жеңіп алды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті










