«МЕРЕКЕЛІК» САЯЖАЙЫНА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

0
28

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Мерекелік» саяжайының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің өзекті мәселелерін талқылады. Жиында тұрғындар негізінен табиғи газ тарту, жол сапасы және көше жарығын күшейту жайын көтерді.

Кездесу барысында қала әкімі саяжайда газдандыру жұмыстары басталғанын айтып, алдағы жылы тұрғындар көгілдір отынды пайдалана бастайтынын жеткізді. Оның айтуынша, инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, жолдарды жөндеу де жоспарға сай жалғасады.
Жобаны Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жүзеге асырып отыр. Бүгінде аталған жоба аясында саяжай аумағына 30 шақырымнан астам газ құбыры тарту жұмыстары қолға алынған
Айта кетейік, бұған дейін «Мерекелік» саяжайында 7,5 шақырым көше жарықтандырылып, түнгі шамдар орнатылған еді. Бұл қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға ықпал еткен.
Жалпы, кездесу барысында көтерілген мәселелер тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты жұмыстар жалғасатыны айтылды.