ПРЕЗИДЕНТ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН БАСШЫЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАДЫ

0
26

  Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар маңызды мемлекеттік орган мен институттың басшылығына жаңа тұлғалар тағайындалды. Атап айтқанда, Ұлттық банк пен Ұлттық қауіпсіздік комитетін, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын басқаратын жаңа басшылар анықталды, — baq.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Ал Дмитрий Михайлович Малахов — Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болса, Артур Ермекұлы Ластаев — Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.
Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.