Ү Н Д Е У
«Қарттар күніне» орай айлық өткізу туралы Талдықорған қаласындағы барлық мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, бизнес құрылымдарының басшыларына және қала тұрғындарына
Құрметті талдықорғандықтар!
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы – қалалық ардагерлер кеңесі, 2026 жылы қазан айында «Үлкенді құрметтеу – ұлттық дәстүр» атты айлық өткізу туралы Үндеу жариялайды.
Айлықтың мақсаты – Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» реформаларын жүзеге асыру аясындағы республикалық ардагерлер қауымдастығының «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» бағдарламасының «Үлкенді құрметтеу – ұлттық дәстүр» аталатын 1-бағытын жүзеге асыру бойынша игілікті іс-шара болып табылады.
Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы бойынша 28 мыңға жуық жасына орай зейнетке шыққан адамдар тіркелген. Олардың ішінде 500-ге тарта тыл еңбеккерлері бар. 1,2 және 3-топтағы мүгедектер саны 5300-ге таяу.
Бұл азаматтарымыз әлеуметтік жағынан қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж екендігі белгілі.
Әр мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары және кәсіпкерлеріміз өз салалары бойынша ардагерлер орталықтары мен филиалдары жетекшілерімен байланыс жасап, белгілі мекеме, кәсіпорыннан зейнетке шыққан ардагерлерді құрметтесе, қамқорлыққа зәру адамдарға халқымызға тән адамгершілікпен көмек көрсетсе құба-құп болар еді.
Әсіресе, материалдық жағынан мұқтаж жандар мен жалғызілікті адамдардан жүрек жылуын аямайық. Материалдық және қаржылай қолдау шараларымен қатар әр мекеме, кәсіпорындарда ардагерлерге арнап мәдени-көпшілік бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырса дұрыс болар еді.
Айлық аясында жоспарланған көптеген іс-шаралардың қатарында Екі мәрте Еңбек Ері Н.Алдабергеновтың құрметіне бильярд спортынан дәстүрлі халықаралық жарыс ұйымдастырылады. Жарыстың деңгейіне қарай жоғары дәрежеде өтуіне қаладағы кәсіпорындар, мекемелер және кәсіпкерлер үлес қосады деп ойлаймыз.
Осы Үндеуді жүзеге асыруда Талдықорған қаласының әкімдігі мен қалалық мәслихат бас болып, жүрегі жомарт барлық жерлестеріміздің ізгі ниеттерін бір кісідей қолдайды деп сенеміз.
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңес
