Бөлімшеге ауыз су жүргізілді

0
31

Жетісу облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті Алакөл ауданындағы шекара басқармасына қарасты «Екіаша» шекара бөлімшесінде ауыз су мәселесі шешімін тапты – деп хабарлайды.
Бөлімше құрылғаннан бері алпыс жылдан астам уақыт бойы тұрақты су көзі болмаған. Су жақын елді мекеннен арнайы көлікпен жеткізіліп келген. Биыл жеке құрамның тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында тұрақты су жүйесі тартылды.
Жоба шекара басқармасының тыл қызметінің күшімен жүзеге асырылды. Бір мың метрден астам құбыр тартылып, қажетті жабдықтар орнатылды. Жұмысқа майор Жеңіс Буксуікбаев, аға лейтенант Темірлан Төлеубеков, кіші сержант Диас Мұхамедьяров, қатардағы жауынгер Ерназ Әділетхан, аға сержанттар Алмас Тоқтағазов пен Дастан Матқалиев атсалысты.
Жаңа су жүйесі әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрмысын жеңілдетіп, бөлімшенің тұрақты қызмет атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырды.

Жетісу облысы бойынша ҚР ҰҚК-нің

Шекара қызметі департаменті