Саз бен сөз үйлескен тағылымды кездесу

0
29

Талдықорған қаласында Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Оқитын ұлт» бағдарламасына сәйкес оқу мәдениетін дамыту және кітап оқитын ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар аясында ақын, «Құрмет» орденінің кавалері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуат Қайранбаевпен кездесу ұйымдастырылды.

      Алматы қаласынан арнайы келген қаламгер өнер әлеміне қанат қаққан халық аспаптар бөлімінің студенттеріне патриоттық өлеңдерін оқып, өнегелі өмір жолы жайлы қызықты естеліктерін бөлісіп, жас ұрпақты кітап оқуға шақырды. Саз бен сөз үйлескен рухани шараға әнші-сазгер, Жетісу облысының Д.Рақышев атындағы филармониясының солисті Нұржан Ахметбеков қатысып, ақынның әндерін шырқады.
Сонымен қатар Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің кітапханашысы Түстебаева Ләззат және жас ұстаздар жыршы Есхат Нұрәлі мен Ерболат Назерке қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Кездесу кешін Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, ақын ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Жангелді Немеребай жүргізді.
Сембек Солтанұлы