Текеліде өткен тартысты турнир

0
33

2026 жылғы 19–20 қазан күндері Текелі қаласында Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық өткізу спорт клубының қызметкерлері арасында қазақ күресінен облыстық турнир ұйымдастырылды.

  Ұлттық спортты дәріптеп, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен жарысқа облыстың 8 ауданы мен 2 қаласынан барлығы 32 палуан қатысты. Қатысушылар 74 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша белдесіп, өздерінің шеберлігі мен күш-қайратын сынға салды.
Жарыс барысында палуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, әр белдесу тартысты өтті. Нәтижесінде әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
74 келі салмақ дәрежесінде Маралбек Досхан топ жарса, Гімің Қуанбек екінші, Өмірханұлы Айдын үшінші орынға ие болды. Ал 90 келі салмақта Нұрғазы Азатбек жеңіс тұғырынан көрініп, Жанпейісов Дидар күміс, Жұмаханов Қанат қола жүлдені иеленді.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Асқарбекұлы Жандос үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Ғұламов