Айқын бастамалар партиясы

0
1383

«Nur Otan» партиясы қазақстандықтарға жарқын болашаққа бастайтын сайлауалды бағдарламасын ұсынып отыр. Бағдарламаның басымдықтарын сөз еткен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев әлеуметтік қорғау сала  қызметкерлерімен онлай кездесу өткізді.

Әлемді жайлаған пандемия кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларға 50 мың теңгеден жәрдем берлгенін және «Nur Otan» париясы ел дамуын назардан тыс қалдырмайтынын айтқан Секенбай        Сейтжанұлы: – Мәселен, Алматы облысында үш ауысымдық мектептерді түбегейлі жоюға атсалыспақ. Өңірде балабақша қажеттілігін 100 пайыз өтемек. Партиямыз талайдан халықтың жанынан табылып, олардың бар-жоғын түгендеумен келеді. Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Биыл ғана Мақтаралдағы ағайын аяқ-астын апатқа ұшырады. Тілсіз жаудың кесірінен үйсіз қалды талай отандасымыз. Міне, сол кезде партиямыз қапы қалмады. Сондағы ағайынды азық-түлікпен, қажетті жабдықпен қамтамасыз ету үшін көлік-керуенін жөнелтті, – деген ол агроөнеркәсіптік кешендердің жұмысын оңтайланып, тұрғындар таза әрі сапалы ауыз сумен де қамтылатынын тілге тиек етті.

Кездесуде  сала қызметкерлері тарапынан алдағы жылдары атқарылар жоспарлар мен мақсат-міндеттері сөз болды. Желі қолданушылары тарапынан түскен сауалдарға Секенбай Шеңгелбаев жауап беріп,  алдағы жылғы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар, сайлаушыларға 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін, тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін  «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.  


ПІКІР ЖАЗУ