Бір құжат қана жеткілікті

0
1818

Қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүруге рұқсат етілуі мүмкін. Жол сақшылары автокөлікке қатысты қалған құжаттарды талап етпейді. Ішкі істер министрлігі осындай норма енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Мәжіліс отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің планшеттері көшедегі бейнебақылау камераларымен интеграцияланатынын айтты.  Яғни, жүргізушілерді құқық белгілеуші құжаттарды өзімен бірге алып жүруді міндеттемейтін норма енгізу жоспарда.

«Жеке куәлік жеткілікті. Өйткені соның көмегімен біз планшет арқылы оның қандай көлігі барын, сақтандыру полисі қашан аяқталатынын, техникалық бақылаудан қашан өткенін, айыппұлы бар-жоғын тексере аламыз. Бір бума қағазды тасудың не қажеті бар, бір ғана куәлік жетеді», – дейді ол.

Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі автокөліктері шет мемлекеттерде тіркелген қазақстандықтарды еліміздің заңнамасына сәйкес көлік құралдарын тіркеуге шақырған болатын. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын, оның мөлшері 10 АЕК-ны құрайтынын, сонымен қатар көлік айыппұл тұрағына қойылатынын хабарлаған еді.

Л.КӘЛІМХАН.



ПІКІР ЖАЗУ