Еркін форматтағы кездесу

0
949

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында «Ардагерлерді ардақтайық» және «Jas Otan» жастар қанатының «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында партия ардагерлері мен облыс жастарының еркін форматта кездесуі өтті. 

Кездесуге облыстық мәслихаттың хатшысы, әрі облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жанболат Жөргенбаев, облыстық партия филиалының басшылығымен белсенді ардагерлер қауымдастық мүшелері, тәуелсіздік құрдастары қатысты.

Шара барысында белсенді партия ардагерлері арнайы Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталып, өңіріміздегі әр түрлі салада жетістікке қол жеткізген тәуелсіздік құрдастары, белсенді жастармен бейресми кездесу өткізді. Сонымен бірге облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаева тәуелсіздіктің мерейлі отыз жылдық мерекесін атап өткен биылғы жылда облыстық партия филиалының атқарған жұмыстарымен, Елбасының «Елдіктің 7 тұғыры», «Тәуелсіздік тағылымы» атты еңбектерімен таныстырды. Өз кезегінде бірнеше партия ардагері мен ардагерлер қауымдастығының белсенді мүшелері сөз алып, жастарға үлгі-өнеге боларлық өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты.

Алматы облыстық

мәслихатының баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ