Жемқорлық – жұқпалы індет

0
2278

– Ернар Абсейітұлы, әлем елдерін алаңдатқан коронавирус індетіне бай-ланысты барлық елде, оның ішінде Қазақстан да қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Осы орайда, Қазақстан Республикасы сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша дептартаментінің «Антикор» орталығы онлайн арқылы конференциялар өткізді. Осы бағытта агенттік қанша жобаны жүзеге асырды?
– Сауалыңыз орынды. Өзіңіз айтқандай, әлемді дүрліктірген дерт Қазақстанды да айналып өтпеді. Дүние жүзі қазір осы індетпен күресуде. «Құдай да сақтанғанды сақтаймын» деген. Жұдырықтай жұмылсақ, карантин шарттарын мүлтіксіз орындасақ, бұл кесапаттан да құтылатын күн алыс емес. Індеттің өршуіне байланысты мемлекеттік мекемелерден бастап жеке секторларға дейін, барлық жұмыс онлайн форматқа көшкенін білесіз. Бұл жоба бізде антикорлайф жобасы аясында, әлеуметтік желілерде, фейсбукта, инстаграмм, ютуб желілері арқылы біз тікелей форматқа шығып, біраз шаруаның басын қайырдық. Бізде облыс деңгейінде он беске жуық жоба бар. Бастапқысы «Жетісу– адалдық алаңы» жобасы. Оның басты мақсаты – күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою, халыққа қолайлы жағдай жасау және тұрғындардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Одан басқа да жобалар көп. Соның бірі – мектеп қабырғасында жүргізілетін өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Адал ұрпақ» жобасы. Колледж бен жоғары оқу орындары қабырғасында ұйымдастырылатын «Саналы ұрпақ, жарқын болашақ», «Сапалы жол, адалдық алаңы» жобасы салынып жатқан жолдарға бөлінген қаражатты тиімді жұмсау бағытында өздеріңіз секілді БАҚ құралдарының өкілдерімен бірлесе отырып, мониторинг жасадық. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарға 25 мәрте шығып, мониторинг нәтижесінде автожолдарды салу, қайта жаңғырту және күтіп ұстауға қатысты 48 түрлі заң бұзушылық анықталды. Анықталған кем-кетік бойынша мекемелерге, объектілерге біз алдын-ала ескертіп, қалпына келтіріңіздер деп айтамыз. Интерактивті карта ашық бюджетті облыс, аудан деңгейінде бөлінген қаражатты сайтқа орналастырамыз. Бұл не үшін десеңіз, әр мекеменің, мемлекеттік органдардың ха-лыққа ашықтығын білдіру мақсатында құрылған сайт. Сөз басында арнайы мониторинг тобы барын айттым. Оны да облыс тұрғындарымен бірлесіп жасаймыз. Оның құрамына жоғары оқу орындары ректордың орынбасары, журналистер, көптеген мемлекеттік органдарда қызмет жасаған тұлғалар кірді. «Адал жол» жобасы темір жол саласындағы билетсіз жалпы қылмыстық әкімшілік процессуалдық кодексіне қарама қайшы келген заң бұзушылықтарды анықтауға бағытталған жоба. Бұдан бөлек «Open Space» форматындағы жоба бар. «РROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» бизнесті және ивестицияларды қорғау жөнінде департамент жалпы сомасы 605 миллиард теңгені құрайтын 30 келісімге қол қойылды. Оның ішінде Түркия, Иран, Жапония, Қытай, Нидерланды, Германия, Ресей, Корея, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдердің шетелдік капиталының қатысуымен 13 және отандық капиталы бар 17 компания бар. Бұл да сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау жобасы. Осының бәрі «Антикор» орталығы арқылы жүзеге асады. Басты мақсат – қалың бұқараға ашықтығымызды, жақын екенімізді көрсету. Республика көлемінде Алматы облысы бірінші орында тұрмыз. Жалпы, біздің «Open Spence» форматындағы екі жүз алпыс үш кабинетіміз бар, мемлекеттік қызметшілерден, ауыл әкімдерінен бастап білім саласындағы қызметкерлері соған ауысты. Бұрындары ат шаптырым аумақты алып жатқандай кең кабинетте отырған колледж, университет ректорлары мен мектеп директорлары екінші қабаттан бірінші қабатқа, шыны әйнек форматтағы кабинеттерге ауысты. Неге десеңіз халыққа бір табан жақын болу үшін.
– Біздің қоғамда іспен сөздің алшақтығы тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Оның жарқын көрінісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қатқылданып, жең ұшынан жалғасып, сыбайласқандар миллиондап, миллиардтап мемлекетке келтірген зиян-дарын қайтаруда. Абақтыға тоғытылғандары қаншама? Бірақ, жемқорлықтың заңы қатал екен деп айылын жиып жатқан шенділер жоқ. Мәселен, 2020 жылдың 4 айында Алматы облысы бойынша 84 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліпті. Соның 62-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты екен. Сыбайластық ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Бұл да бір жұқпалы індет сияқты, асқынып бара жатқан жоқ па?
– Өте дұрыс айтасыз. Мұны қазақша ашкөздік дейді. Мемлекеттік қызметкер бола тұра, мемлекет мүлкін сеніп тапсырылған қаражатты талан-таражға салып, ымыраласып, шырмауықтай шырмалып жатқандар бар. Мұнымен тек құзырылы орган ғана күресе алмайды. Оған халық болып қарсы шықпасақ, су тиген сайын қаулап өсетін арам шөп сияқты жемқорлардың да айылы жиылмай тұр. Жаңа өзіңіз біліп отырғандай, мұндай жайттердің орын алғаны рас. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 1,1 миллиард теңгені құрады. 853,4 миллион теңге өтелді. Қазіргі кезде қылмыстық істердің аясында 262,2 миллион теңгеге бағаланған мүлікке тыйым салынды. Жедел-тергеу тәжірбиесінің талдау нәтижесіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың үлесі көбіне парақорлықпен байланысты болуда. Әрбір екінші тіркелген қылмыс лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактілеріне көрініс беруде. Олардың қатарында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету, билікті асыра пайдалануға қатысты қылмыстық жаупкершілікке 34 адам тартылды. Қылмыстық істер толық аяқталып, сот шешімі шыққан соң қосымша ақпараттар айтылатын болады.
– Жең ұшынан жалғасқандар арасында көбіне басты фигурант болып бірінші басшылар тұрады. Алайда, олардың көбі жазадан сытылып, орынбасарлары немесе бөлім басшылары жазаланып жатады. Есептік кезеңде сыбайлас жемқорлықпен шатылғандар арасында бірінші басшылар бар ма?
– Әрине, биылдың өзінде де өзіңіз айтқандай 84 заңға қарама-қарсы іс қозғалды. Соның 62-і нағыз жемқорлық ісі десек, оның ішінде бірінші басшылардан 15 тұлға өтеді. Республикалық деңгейде бір тұлға, облыс деңгейде бір адам, қалалық деңгейде 2 адам, аудандық деңгейде 9 адам, ауылдық деңгейде 3 адам. Сізге тергеу құпиялығына байланысты бұл адамдардың аты-жөнін, лауазымын айта алмаймын.
– Мемлекеттік мекемелердің бірі де, бірегейі ретінде, негізгі механизимдер бірі сыбайластық тәуекелдеріне сыртқы талдау және мониторинг жүргізіп келесіздер. Алматы облысында «біріңғай сатып алу терезесі» порталы арқылы мемлекеттік сатып алу бар. Мұның нәтижесі қандай?
– Өте орынды сұрақ сұрақ қойып отырсыз. Өзіңіз білетіндей, Президентің жарлығына сәйкес, былтырғы жылдан бері біздің агенттік қайта құрылған болатын. Құқық қорғау органымыз, әрі президентке тікелей бағыныштымыз. Өзгертулер нәтижесінде бес департамент қосымша құрылған болатын. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған нағыз парасаттылықты қалыптастыру департаменті. Серіктестік департаменті бұл өздеріңіз секілді БАҚ, мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп, тиісті серіктестік орнатып, бар ақпаратты жеткізу орталығы. Талдау департаменті жемқорлықты болдырмау үшін тиісті сыртқы жемқорлық жайттеріне анализдер жүргізу, сыбайлас жемқорлық негізінде мониторинг жүргізіп жатқанымызды сөз басында айттым. Бұдан бөлек, Квазимемлекеттік Жедел департаменті және тергеу департаменті. Сізге айтайын дегенім, парасаттылық департаменті аясында біздің барлық жоба ішінде республикалық деңгейде 2018 жылы құрылған «Адалдық алаңы» деген үлкен жоба. Қалған жобаларымыздың барлығы да осы «Адалдық алаңы» жобасы аясында жүргізіліп келеді. Ал облыс деңгейінде «Жетісу – адалдық алаңы». Жемқорлыққа қарсы заңға сәйкес, халықпен бірлесе тізе қосып, мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік ұйымдар, мекемелер бар барлығы жемқорлыққа қарсы жұмылып, жұмыс жасай білуі керек. Заңға сәйкес мониторинг, анализдеу арқылы, біз әр ақпаратты әлеуметтік желілерге салып отырмыз. Ақпарат берумен ғана тоқталып қоймай, ашықтығымызды айқындау үшін БАҚ құралдарына сұраулар саламыз. Онда «біз осындай жұмыс, жобалар жасағалы жатырмыз, қатысатындар бар ма?» деген өтінішімізді айтамыз. Жүзеге асып жатқан жобалар аясында, жастармен, халықпен жиі кездесеміз. Мысалы, 2019 жылдың тамызында «Ақпаратық ағарту штабы» деген үлкен жоба жүзеге асты. Бұл атқарылған шараларға облыс деңгейіндегі ақсақалдарымыз бен апаларымыз қатысты. Бұл халықты сенімділікке, парасаттылыққа шақыру. Оның төрағасы Серік Мұқанов бірнеше жыл облыс әкімінің орынбасары болған. Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен кездескен бір сұхбатында: «Мұндай дертті жеңу үшін халықпен құзырлы органдар білесіп жасауы керек. Халық та бізге көмектессін» деген еді. Біз әркез тікелей эфирге шыққанда Елбасының осы сөзін ұран етіп, орын алып жатқан жемқорлық фактілерінен хабарларыңыз болса, бізге ақпарат беріңіздер деп ұдайы айтып келеміз. Оларды көтермелеу мақсатында сыйақы да қарастырылған. Енді сауалыңызға орай, бір терезе қағидасына ойыссақ. Республика деңгейінде барлық департаменттер осы ба-ғыттағы жұмысты жандандыруда. Бұл жұмыс бізде ақпан айында басталды. Қазіргі уақытта облыс деңгейінде 416 миллион теңге бір терезе қағидаты бойынша сатып алулар кезінде 416 миллион теңгеге үнем жасадық. Яғни, мұның ішінде мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, оқу орындары бар. Ай сайын графикке салып, тікелей эфир арқылы жұмыстардың ретін таныстырудамыз. Бұл жұмыс тоқтамайды. Желтоқсан айына дейін жалғасады.
– Уақыт бөліп сұхбат-тасқаныңызға көп рахмет, ебектеріңіз жемісті болсын.

Айтақын МҰХАМАДИ

Кілтсөздер:ЖЕМҚОРЛЫҚ


ПІКІР ЖАЗУ