Зерде – жас ғалымдардың жеңісі

186

Енді таңдау дөңгелегі арқылы конфликттерді болдырмауға болады. Мұндай шешімді Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3-сынып оқушысы Ева Карапетянц ұсынып отыр.

Жоба XVII Республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында ұсынылды. Байқау  Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы  «Балдәурен» республикалық ғылыми-практикалық орталығының базасында өтті. Бұл модель ойын-сауық квест түрінде балалар арасындағы жанжалды жағдайды жоюға мүмкіндік береді. Өнім сыныптастардың пікірін ескере отырып жасалып, олардың қолдауына ие болды.

«Таңдау дөңгелегі 7 бөлікке бөлінген шеңбер. Әр бөлікте достық ізденісі деп аталатын қақтығысты шешу нұсқасы көрсетілген. Дөңгелекке жебе бекітілген, ол дөңгелекті айналдыру кезінде шешімді кездейсоқ анықтайды. Бұл жанжалды жағдайды ойынға айналдырудың өте қызықты тәсілі болып табылады», – дейді жас зерттеуші Ева.

Республикалық «Зерде» байқауында 4-сынып оқушысы Ералы Шәкербек те ғылыми жоба қорғады.  Ералы банан қабығы сияқты тағам қалдықтарынан биологиялық ыдырайтын полимерлер алуға болатынын дәлелдеді.

Химия пәнінің мұғалімі Қарлығаш Құдайбергенованың жетекшілігімен Ералы процесстердің әртүрлі комбинацияларымен бірнеше тәжірибе жүргізіп,  нәтижесінде екі айға жетпей ыдырайтын нағыз биопластик алды.

«Біздің мектеп асханасында айына орта есеппен 8 мыңнан астам банан желінеді. Қоршаған ортаның ластануын азайтамыз десек,  «жасыл»  химия саласында игі жолды бастау маңызды, мен бананның қосалқы өнімінен алынатын биопласттарды шығаратын зауыт салуды ұсынамын. Жаңа материал шын мәнінде дәстүрлі пластикті алмастыра алады. Өздеріңіз білетіндей, пластикалық ластану адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі», – дейді  Ералы Шәкербек.

«Зерде» қорытындысы бойынша Талдықорған қаласындағы Зитякерлік мектебінің оқушылары Ералы  Шәкербек  пен Ева  Карапетянцтың ғылыми жобалары 1-орынды жеңіп алды.

Талдықорған қаласындағы

 Зитякерлік мектебінің 

баспасөз қызметі.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ