Кербұлақтықтарға қайырымдылық көмек

0
1714

Облыстық «Nur Otan» партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы партия Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «БІЗ БІРГЕМІЗ» Республикалық акциясы Алматы облысында жалғасын табуда.

Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінде кәсіпкерлердің демеушілігімен көмекке мұқтаж 200 отбасыға, жалпы  барлығы 702 адамға азық түлік пен әлеуметтік көмек көрсетілді. Оларға ұн, ет, май, қант, күріш және макорон өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары тегін таратылды.

Акцияға «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев, «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының  төрағасы Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев және аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Гүлжан Алтынбекқызы Камамбаева, демеуші кәсіпкерлер қатысты. Барлығы 25 кәсіпкер Қасиетті Рамазан айында көрсетілген қайырымдылық зекеті есебінде жалпы сомасы 6 млн. теңгеге жуық көмек көрсетті.

Ш.БАТЫРХАНОВ.

 

Кілтсөздер:#BizBirgemiz


ПІКІР ЖАЗУ