Сен жалғыз емессің

1805

Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған  «Сен жалғыз емессің!» атты  мейірімділік акциясы өткізілді.  

Балалар күніне арналған игі шара «ITeachMe» компетенцияларды дамыту орталығы», Орталық Азияның Еуразия қоры мен «Шеврон» компаниясының демеушілігімен  «Qolda» жедел жәрдем бағдарламасының аясында ұйымдастырылды.  Ал шараға  Алматы қаласы  Жетісу ауданының әкімі М.Кикимов қолдау көрсетті.

Осы тұста  ITeachMe» компетенцияларды дамыту орталығының» президенті Захира Бегалиева: «Сіздің үйіңізге соңғы рет ертегі кейіпкері қашан келіп еді? Жаңа жылда келген шығар.  Бұл дәстүрді өзгерту біздің қолымызда. Сондықтан, біз ертегілердің жарқын және сиқырлы кейіпкерлерімен, сыйлықтар, шарлар алып,  көтеріңкі көңіл-күймен ерекше экипажды дайындадық. Біз мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 30 отбасына барып, өзіміздің белсенді және позитивті энергиямызбен бөлістік. Біздің басты ойымыз –  әр бала сиқырға сену керек»  – дейді.

Ал 11 жастағы Альмира Юсупованың  анасы Шухрат Юсупова мүмкіндігі шектеулі әрбір  баламен бірге ата-анасы да  қиын кезеңді бастан өткеруде екенін,  қандай сынақтар болмасын балалар ертегіге, түрлі ғажайыпқа және жақсы адамдардың бар екеніне сенетінін  айтады. «Бұл күнді олармен бірге біз де сиқырлы етуге тырысамыз» – дейді ол.

Акцияның мақсаты – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдауға бағытталады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бөлісу:
Тегтер#BizBirgemiz

ПІКІР ЖАЗУ