Қалалық штабтың ашылу салтанаты өтті

1008

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті. Шараға Алматы облыстық,  Талдықорған қала

лық мәслихатына үміткерлер,  штаб мүшелері,  «Jas Otan» жастар қанатының  өкілдері қатысты.

Жиынға арнайы шақырылған «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының сенімді өкілі Гаухар Сламғалиқызы мен партия ардагері Мейірман Тілеуберлинов кандидаттарға және штаб мүшелеріне  сәттілік тілеп, алғысын білдірді. Сайлауалды штабтың ашылу салтанатында  штабтың алдағы атқарылар жұмыс жоспары  таныстырылды.

«Nur Otan» партиясы Сайлау науқанында қызмет атқаратын штаб мүшелігіне 15 адам және  58 сайлау учаскесіне  162  сенімді өкіл бекітті. Жасақталған  сенімді өкілдердің  тізімі қалалық сайлау комиссиясына тіркеліп, куәліктері берілді,  қызмет ететін 155  еріктімен  толықты.

 

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Бөлісу: