Үйірмеден үйренері көп

0
1427

Гүлнұр ЕРМЕКҚЫЗЫ: «Қызымның есімі – Аружан. Ол  8 жаста. Кішкентайынан  өнерге жақын болған соң ән-би үйірмелеріне қатыстырып жүрдік.  Екі  жасынан бастап №4 ясли балабақшасында болды. Ол жерде де  өнерін көрсетіп, барлық үйірмеден жүлделі орындар алып жүрді. Ән-би үйірмесінің ұстаздары Бағлан, Алмагул, Назым сынды ұстаздарға алғыс айтамын.  Алты  жасынан бастап   №12 орта мектеп гимназиясының  1сыныбына барды.   Өте биязы, қарапайым, жанашыр,  сондай қамқор, кішіпейіл, ақ көңіл жан. Қызымның болшағынан зор үміт күтемін. Оның армандаған арманы орындалып, тек биіктен көрінсе екен деймін.

 Діттеген ойына, мақсатына  жетуде Алла тағала ұзақ ғұмыр берсін деп тілеймін. 

 Талдықорған   қаласында көптеген баланы дамыту шығармашылық ұйымдар ашылды. Соның ішінде өзіме де қызыма да ұнағаны –«Мейірім» балалар шығармашылық орталығы болды. Неге десеңіз, мұнда  онлайн тіркелу, тегін үйірме, мықты мамандар тартылған және тұрғылықты жерге жақын, қауіпсіз аймақта орналасқан. Шығармашылық орталығындағы Нұргүл, Мирас сынды ұлағатты ұстаздарға ерекше алғысымды білдіріп, еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тілеймін, талантты да талапты шәкірттерінің  шығармашылығы шарықтай берсін».

 Аружан  НЕСІПХАН:  «Талдықорған қаласында №12 орта мектеп гимназиясының  3 сынып оқушысымын. Отбасында бір  өзім  ғана. Кіш-кентайымнан бастап  ата — анамның көмегімен жоспар құрып үйрендім. Өзім жақсы көретін іспен айналысқанды жақсы көрем. Сурет салуды, ән айтып, би билегенді, мәнерлеп оқуды үйреніп жүрмін. Менің 87 жастағы әжем  бар,  сол кісі көрпе тігеді. Мен оған тігіп көмектеспесем де,  көрпенің бір шетін ұстап,  инені қалай қолдану керек екенін түсініп қалдым.  Биылғы жазғы демалыста анам өте қуанышты хабарын айтты. «Көрікті  қаламыздан  «Мейірім»  балалар шығармашылық орталық ашылды,  сен сол жерге барасың ба деп сұрады. Онда  түрлі өнер үйірмелер  барын  және  бәрі тегін екенін жеткізді. Мен  сөзге келмей  барайыншы деп қуанып кеттім. Анашым екеуміз ақылдаса әрі  өзіме ұнаған кестелеу үйірмесіне жазылуды ұйғардым.  Кестелеу үйірмесінде  тігін тігуді, матамен жұмыс жасауды үйренемін, бұл  өзіме де  жақсы ғой.

Осылайша «Мейірім» балалар шығар-машылық орталығының ұстаздарымен таныстым, жаңа достар таптым. Кестелеу үйірмесіне барып жүргеніме көп бола қойған жоқ,  бірақ  біраз  зат  үйрендім. Бұл үйірмеде тігіс түрлерін, заттарға жиектемелер тігу және де басқа әрлеу түрлерімен таныстым. Жақында тағы бір арманымның кішкентай бір үлесі орындалды. Шығармашылық орталығында видео түсірілім мен монтаж үйірмесіне қатысып жүрмін.  «Мейірім» балалар шығармашылық орталығының  ұстаздары  Нұргүл апай мен Мирас ағайға алғысым шексіз».

УАҚЫТТЫ тиімді пайдаланған балалар

Айдана САҒЫНҒАНОВА:  «Мейірім» шығармашылық   орталығы ашылғалы  ұлым  Дінислам барып жүр. Жазда Қызылордадан  қонаққа келген жақынымыздың балалары –  Санжар мен  Нұрдана да  уақыттарын босқа  өткізбейік деп үйірмеге қатысты. Дінислам шешендік өнер және лепка үйірмесіне  барып жүр. Санжар графика және лепка үйірмесіне қатысса,  Нұрдана батик және лепка үйірмелерінен дәріс алды.

Ана ретінде  «Мейірім» шығармашылық орталығының мұғалімдеріне үлкен алғысымды білдіремін. Мұндағы ұстаздар балаларға  деген қамқорлығы мен сүйіспеншіліктерін аямай, өнерлерін   ұштау үстінде.

 Балаларымыз орталыққа бару сәтін ерекше күтіп,  асыға барады.  Өз қолдарымен жасаған, үйренген заттарын мақтанышпен айтып отырады. Әр баланың жүрегінен орын таба білген «Мейірім» шығармашылық орталығы ұжымына  алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен үлкен жетістіктер тілеймін.

 Санжар ҚОЯНБАЕВ: «Жасым сегізде. Қызылорда облысының  Арал қаласында тұрамын. Мен  уақытты босқа өткізгенді ұнатпаймын. Ізденісті, көп оқығанды жөн көремін.  Жазғы демалысты қызықты өткізу барлық баланың арманы деп ойлаймын. Осы  жазды ерекше өткіздім десем болады.  

Талдықорған қаласына тәтемнің үйіне келіп, Жетісудың әсем қаласымен таныстым. Талдықорғанның ең әдемі жерлерін көріп, табиғатына тамсандым. Тәтем жаз айында бізді бос жүрмесін деп «Мейірім» шығармашылық орталығына берді. Орталықтың ерекшелігі барлық бала тегін үйірмеге қатыса алады.  Мен  графика және лепка үйірмесіне қатыстым. Графика үйірмесінде көптеген геометриялық кескіндермен жұмыс жасадық. Ал лепка үйірмесі өте қызықты. Клара атты апайымыз ермексаздан  көп затты жасауға болатынын үйретті. Маған орталық ерекше ұнады. Себебі, осы жерде  жаңа достармен таныстым және  мұғалімдеріміз бар  білгендерін үйретуге тырысты».

 Нұрдана АБЫЛАЙҚЫЗЫ:  «Орталықта  батик және лепка үйірмесінен дәріс алдым. Осы  үйірмеден  мен алғаш рет матаға таспен бояп сурет салуды, кестелеп өнерлеуді үйрендім. Шығармашылық орталықтың  ұстаздарына үлкен алғысымды білдіремін.  Жаңа орта,   жаңа достар таптым. Биылғы каникул мен үшін ерекше өтті десем  болады.Үйге барғанымда   осы орталықтан  үйренгенімді пен айтып отыратын болдым».

Дінислам ДАНИЯРҰЛЫ:  «Жасым  жетіде. Қыркүйекте  бірінші сыныпқа барамын. Отбасымда әкем, анам және мен. Өзім  спортпен айналысқанды ұнатамын. Әкем мен анам менің ақылды, батыл болып өсуімді қалайды. Менде атаанамның сенімін ақтауға тырысамын. Жазғы демалыста ағам мен тәтем қыдырып келді.  Қызылордадан келген қонақтар менімен бірге «Мейірім» шығармашылық орталығына жазылып, үйремелерге қатыстық.  

Орталық маған қатты ұнайды. Мен шешендік өнер және лепка үйірмесіне қатысамын. Шешендік өнерде көптеген қызықты аңыз әңгімелер, ертегілер тыңдаймыз. Бата жаттап үйреніп жүрмін. Лепка үйірмесі маған ерекше ұнайды. Мұндағы ұстаздарымды қатты жақсы көремін. «Мейірім» шығармашылық орталығы, бұл — менің алғашқы мектебім».

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 

 


ПІКІР ЖАЗУ