Үш ауысымды оқытуды жою

244

 «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат  депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев «ZOOM» бағдарламасы арқылы білім беру саласының қызметкерлерімен пікір алмасты. Онлайн жиынға білім беру саласының қызметкерлерінен өзге аудан мен ауыл тұрғындары да қатысты.

Партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірген үміткер білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салуға болатынын сөз етті.

Сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамту көзделген. Одан бөлек 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 85 пайызға дейін ұлғайту жоғары және бірінші санаттағы педагог кадрлардың үлесін 60 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Облыста үш ауысымды оқытуды жою үшін 24 680 орындық 39 жаңа мектеп салынбақшы, – деген Секенбай Сейтжанұлы облыс мектептерін 50,5 пайызға дейін химия, биология, жаңа буын физикасы пәндік кабинеттерімен және IT кабинеттерімен жарақтандыру туралы жоспарымен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар балабақша кезегіне тұру, білім сапасын арттыру, жалақының көтерілуі сынды сауалдарын жолдап, өз ұсыныстарын да жеткізді.

 «Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.

 

Бөлісу: