Жеңімпаз атанды

0
1236

Логотип дизайнері Кэролин Дэвидсонның арқасында бір кездері спорттық аяқ киім фирмасы ең танымал Nike брендіне айналғаның білесіздер ме? Компанияның жетістігінде сауатты брендинг маңызды рөлін атқарды. Ал талдықорғандық дизайнер Шалқар Сембековтың эскизінің арқасында «Қоғамдық келісім» КММ-сі жаңа логотипке ие болды.

Қазаннан қараша айына дейін Алматы облысының «Қоғамдық келісім» КММ-сі үздік логотипке байқау өткізді. Дауыс беру, ұйымның сайтында ашық форматта өтті. Конкурсқа облыстың түкпір-түкпірінен 15-ке жуық эскиз түсіп, солардың арасында ең үздік болып «Qprint» жарнама агенттігінің дизайнері Шалқар Сембековтың логотипі танылды.
Дизайнер сөзінше, бұл – логотиптер байқауына қатысқан алғашқы тәжірибесі екен. Мұны жасауға «Қоғамдық келісім» КММ қызметінің өзі шабыт берген.
«Менің дизайнер болып жұмыс істегеніме 10 жылдай болды, бірақ байқауға эскизді бірінші рет жасадым. Өтініштерді қабылдау басталғанын біліп өзімді сынап көруге бел будым. Осы орайда «Қоғамдық Келісім» туралы барлық ақпаратты зерттедім, сондықтан эскиз идеясы бірден ойыма келді. Сол күні жұмыстан кейін логотип дизайнының екі нұсқасын ойлап таптым, біреуі ресми және стандартты, екіншісі заманауи және жарқын. Бұл байқауда көп дауыс жинаған екінші нұсқа болғанына қатты қуандым –дейді ол.
Айта кетейік, қатысушылар ұйымға байланысты эмблема дизайнын ұсынуы керек болатын. Көбінесе дизайнерлер өз эскиздерінде ҚМУ ғимаратының визуалды кескіндерінде ойнады, шаңырақ бейнесін пайдаланды, қол ұстасып тұрған адамдардың бейнелері, стильдендірілген «К» әрпінің абстракты бейнелері және тағы басқаларын пайдаланған.
Байқау жеңімпазы Шалқар Сембеков логотип орталығында шаңырақ, ошақ, отбасы, ортақ үй және біртұтас Отан нышанын бейнелеген бейненің негізін пайдаланған. Логотиптің түсін таңдағанда, ол брендингтегі ең көп таралған түстерге тоқталды: қызыл, сары, жасыл және көк, олар этникалық топтарды көрсетеді, ұлты, терісінің түсі және көздің қиылысы әр түрлі болғанымен, бірақ іс-әрекетте біркелкі және мейірімді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ