Көшпелі қоғамдық қабылдау

0
907

Облыстық мәслихат хатшысы, әрі партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жанболат Жөргенбаев өткен аптада өңірге қарасты аудандарда болып,  көшпелі қоғамдық  қабылдау өткізді. Бұл туралы Алматы облыстық  мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.

Панфилов аудандық  әкімдігінде өткен қоғамдық  қабылдау барысында азаматтар орта мектеп құрылысы, ауыз су жүйесін қайта жаңғырту, газдандыру,  инженерлік-коммуникация жүйелерін тарту, жұмыспен қамту, жатақхана мәселесі, жайылым жер,  көше атауын беру мәселелері туралы сөз болды.  Барлық сұрақ  бойынша Жанболат Әкебайұлы нақты  жауап беріп, айтылған мәселелердің  жіті  назарға алынатынын айтты.

Осы бағыттағы көшпелі қоғамдық  қабылдаулар Ұйғыр,  Кеген,  Райымбек, Еңбекшіқазақ,  Іле  аудандарында да  өтті.

Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында өткен  қоғамдық қабылдауда азаматтардың мәселелері мәслихат хатшысы және депутаттармен бірлесе қаралды.

Жиында білім нысандарына күрделі жөндеу, ауыз су құбырларын жөндеу, дәрігерлік амбулатория салу,  ауыл мәртебесін беру, арналарды тазалау, тозған электр желілері мен бағаналарын жөндеу және жарық жүйесін балансқа беру мәселелері көтерілді.

Бұл тұрғыда Жанболат Жөргенбаев кейбір мәселелерге жоба-сметалық құжаттамалардың қарастырылғанын,  ал облыс деңгейінде  шешілуі тиіс  сұрақтарды өз бақылауына алатынын жеткізді. Сондай-ақ, көшпелі қоғамдық қабылдау  алдағы уақытта  дәстүрлі түрде жалғасатынын да тілге тиек етті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ