1430 адам індет жұқтырды

0
1520

Алматы облысында коронавирустық инфекцияның 8861 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. 3546 адамнан ауырудың белгілері анықталған. Індеттің таралуы бойынша Текелі мен Талдықорған қалалары көш бастап тұр. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 1,0 % — ға дейін ұлғайған.

Жоғарыда аталған қос қаладан бөлек, Қапшағай қаласы, Көксу, Қаратал, Ескелді, Ақсу, Панфилов аудандарында кеселдің өсу қарқыны үдей түскен.
Соңғы тәулікте 71 жағдайы анықталып, өткен аптаның қоры-тындысы бойынша Алматы облысында 1430 адамның кеселді жабыстырғаны айқындалып отыр.
Әуелде, ел арасында «тәжді тажал» деп аталған инфекциямен күресте облыстық денсаулық сақтау саласы барын салуда. Бүгінгі күні, медициналық мекемелердің жағдайы жақсарып, ем алушылардың аяқтан тік тұруына кең ауқымда көмек көрсетілуде.
Айта кетейік, өңірде инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлға-юына байланысты төсек саны 1138-ден 1300-ге дейін артты. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 124-тен 135-ке жеткізілген болатын. Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 26 реанимациялық бөлімше қажетті жабдықтармен жабдықталды.
Айта кетейік, облыста жағдайы ауыр науқастар мен балаларға арналған көпсалалы ауруханалар базасында 4 ахуалдық орталық құрылған еді. Қажет болған жағдайда төсек-орын саны 5280-ге дейін ұлғайтылмақ.
«Облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдары мен дәрілік заттардың екі айлық қоры бар. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен 92,1 млн.теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды»,– дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ