18 спорттық кешен салынады

690

 Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Мақпал Тәжмағамбетова Райымбек ауданында тұрғындармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмыстарын толыққанды түсіндірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақпал Мазаққызы ауылдың жағдайы елдің келешегіне тікелей байланысты екендігін,  қазір елді мекендерге қолдау жан-жақты жасалып жатқанын айтты.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы жүйелі жүзеге асуда. Жоба сәтті іске асса, ауылдағы ағайынның сапалы өмір сүруі қамтамасыз етілмек. Міне, біздің партияның да көздеген мақсаты осы. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды, – деген үміткер партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалысатын тарқатып өтті. –Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үш ауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған. Одан бөлек, сапалы білім – болашаққа салған мықты капитал. Бүгінгі оқушы – ел келешегі десек, оларды заманауи білімге сусындату да сайлауалды бағдарламада басты тақырып болып тұр.

Өз сөзінде Мақпал Тажмағамбетова партияның қоғам мүшелерінің саулығын нығайту жайын,  халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 55 пайыздан 60,1 пайызға дейін жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты. Сайлауалды бағдарламаға сай өңірде 2025 жылға дейін спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 30 пайыздан 45 пайызға артады.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, бұқаралық спортты одан әрі дамытуды көздейді. Спорт – денсаулық кепілі. Осы бағытта Алматы облысында 18 спорттық нысан салуды жоспарлап отыр. Бұл спорттық нысандар қатарында 8 денешынықтыру-сауықтыру нысаны, 7 спорт кешені  бар. Сондай-ақ, Талдықорған қаласынан көгалдағы хоккейге арналған жабық кешен, спорттың өзге түріне арналған спорттық нысан, құзға өрмелеу және көркем гимнастикаға арналған кешен бой көтермек, – деді Мақпал Мазаққызы.

Кездесу соңында үміткер кегендіктерді 10 қаңтарда  өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.   

Бөлісу: