МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ МЕРЕЙІН АРТТЫРҒАН СПОРТШЫЛАР

Доңыз жылы еліміздің велоспорт трек түрі үшін сәтті бас-талды. Ел намысын абыройлы қорғаған спортшылар Индонезия астанасы Жакартада өткен құрлықтық додада 14 медальді еншілеп, жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады. 14 елден 300-ден аса спортшы қатысқан додада 5 алтын, 4 күміс, 5 қола жерлестеріміздің еншісіне бұйырды.

Мемлекетіміздің мерейін арттырған спортшыларды жанкүйерлері мен туыс-туғандары сондай-ақ, денешынықтыру және спорт бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, оқыған мектеп ұжымы және басқа да қала тұрғындары күтіп алып, құрмет көрсетті.

Чемпионатта республикамыздың Астана, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған т.б. қалаларынан құралған 15 велотрекші бақ сынады. Оның ішінде 8 спортшы Алматы облысынан қатысып, тек қана біздің облыс бойынша 4 алтын медаль, 1 күміс медаль, 3 қола медаль иеленіп, жанкүйерлердің мерейін үстем етті. Атап айтсақ, спортшыларымыз Ақпейіл Өсім – Панфилов ауданынан, Кристина Стужук – Сарқан ауданынан, Даниил Пехотин – Балпық би кентінен, Кристина Титовская, Сергей Пономарев пен Александр Сафаров – Талғар ауданынан.

Ақпейіл Өсім, Кристина Титовская, Кристина Стужук командалық жарыста; Сергей Пономарев гит жарысында; Кристина Титовская жекелей жарыста; Даниил Пехотин омниум жарысында топжарды. Командалық жарыс-та Даниил Пехотин күмістен алқа тақты. Ал Ақпейіл Өсім екі рет қола жүлдені скретч әрі омниум жарысында иеленсе, Александр Сафаров командалық спринтта қоржынға күміс салды.

Еліміздің көк байрағын желбіретіп, бәсекеде оза шапқан спортшылар мен жаттықтырушыларды аудан әкімдігі, денешынықтыру және спорт бөлімі жетістігімен құттықтап, сый-сияпат тарту етті.

Соның бірі, осы додада үш бірдей медальді қанжығалаған облысымыздың Панфилов ауданының тумасы Ақпейіл Өсім мен жаттықтырушысы Андреев Николай Карповичті аудан әкімі Темірлан Бектасов қабылдады. Топтық бәсекеде алтын медальді олжаласа, жекелей сында екі бірдей қола медальды иеленген Ақпейілге, сондай-ақ, жаттықтырушысына және қолдау көрсеткен жерлестеріне алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді.

Спортшылар осы жетістікке жету үшін талай рет велосипедтен құлап жарақаттанса да, спортқа деген құлшынысы одан сайын артып, жеңіс тұғырынан көрінуге барынша талпынғандарын тілге тиек етті.

2010 жылы ашылған «Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ – үздік мектептердің қатарында. Талай Азия чемпиондары осы мектептен түлеген. Одан басқа да спортшылары жеткен ірі жетістіктер көп. Мектептің соңғы екі жылда спортшылар құрамы өзгеріп, жас-тар қосылған. Жеңіспен оралған шәкірттері енді алдағы халықаралық додаларға дайындалу үстінде.

Сапажанов Самат Сәулетұлы, Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық  велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ директоры:

– Жыл енді басталды. Азия чемпионатынан жақсы дәрежеге жетіп, үшінші орынға тұрақтадық. Дайындығымыз мығым болды. Жас өскіндеріміздің жүлде алып, жеңімпаз болғаны бізді, мектепті ғана емес, қауым елді қуантты.

Алдымызда талай белес-тер күтіп тұр. Атап айтсақ, ақпан айының он сегізі мен жиырма үшінші ақпан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаты, сәуір айында Өзбекстан мемлекетінде Тас жолдары Азия чемпионаты өтеді. Одан кейін Еуропада Әлем кубогі, Әлем чемпионаттары бар. Қазір соған дайындалудамыз. Ендігі мақсат – сайыста топ жарып, көк байрағымызды тағы да желбірету.

Ақпейіл Өсім, Азия чемпионы:

– Қарсыластарымыз мықты, жарыс қиын болғаны сөзсіз. Бірақ біз қойылған мақсатқа жеттік. Осы жеткен жетістіктерім үшін бапкерлеріме алғыс айтқым келеді. Әлі де талмай еңбектеніп, жеңіс тұғырынан көрінеміз деп ойлаймын.

Ұранды елдің ұрпағы қайсар болатыны ежелден белгілі. Сондай бірбеткей мінезі, қайраттылығымен, шыдамдылығымен қарсыластарын басып озған Алматы облысының спортшыларынан тағы да күтер үміт мол. Ал спортшыларымыздың жарыста биіктен көрінуіне жаттықтырушының қосқан еңбегі орасан. Сондықтан жаттықтырушы мен спортшылардың жанар-ларындағы ұшқын отына қарап, жетістіктер мұнымен тоқтамақ емес, әлі де талай биікті бағындырады деп сенім білдіреміз. Жеңісті күндеріміз көп болғай!

Шынар ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды.

Оқи отырыңыз
post-image
Аймақ

ЖЕТІСУ ДИҚАНДАРЫ ШАРУАҒА КІРІСТІ

Жеті қат көктен құт қонып, жер қойнауын ырысқа толтырған Жетісу жерінде көктемгі науқандық егістік жұмыстар басталып кетті. Бүгінде жер игеріп отырған диқандар мен шаруа қожалығы иелерінің нағыз қарбалас шағы....
post-image
Аймақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТАЛДЫҚОРFАНFА КЕЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді. Сапар барысында бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралап, салтанат сарайына жиналған өңір жұртшылығымен, әр сала өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесті....
post-image
Мәдениет

АЙТЫСКЕР АҚЫНДАР ЖЕТІСУ ТӨРІНДЕ

Қазақтың қасиетті өнері – айтыс. Осы айтыста 30 жылдай жырын жырлап, елдің мұңын жетер жерге жеткізіп жүрген «Айтыстың аққуы» Айнұр Тұрсынбаева өз шығармашылық кешін наурыз айында елорда төрінде дүркіретіп...
post-image
Аймақ

КІТАПХАНА – ЗИЯТКЕРЛІК ДЕМАЛЫС ОРДАСЫ

«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп Әбіш Кекілбаев руханият ордасының бағасын берген еді. Иә, дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға адамзаттың жылнамасын жеткізіп, парасаттылық пен білімділіктің ордасына...
post-image
Қоғам

ДАРАҚЫЛЫҚТЫҢ КІМГЕ КЕРЕГІ БАР?

Маусым айының соңында жүректері лүпілдеп жүрген түлектер тыныштала ма десеңіз, қателесесіз. Сауданың да қыж-қыж қайнап, бәсекелестіктің де шарықтау шегі осы тұсқа дөп келеді. Себебі, қолына аттестат алған жеткіншектер мектеп...
Тағы қарау