КІТАПХАНА – ЗИЯТКЕРЛІК ДЕМАЛЫС ОРДАСЫ

«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп Әбіш Кекілбаев руханият ордасының бағасын берген еді. Иә, дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға адамзаттың жылнамасын жеткізіп, парасаттылық пен білімділіктің ордасына айналған кітапханалар – руханияттың ордасы. Алайда, сананы компьютер билеген заманда кітапқұмар жастар сиреп барады. Сондықтан, жас ұрпақты кітап оқуға баулып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру басты мәселеге айналды. Осы ретте, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең жастарды кітап оқуға ынталандыратын бастамалар қолға алынуда. Сол негізде «Қазақстанның кітапханалары заманауи білім беру орталықтары» және «Қазақстанның ашық кітапханасын» дамыту жобасын жүзеге асыру барысында «Коворкинг» орталықтары жұмыс жасайды.

Кітапхананың бұл қызметі қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге негіздеу мақсатында қолға алынуда. Кітапханалар, оның ішінде қалалық, аудандық, ауылдардағы кітапханалар жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғылармен жабдықтап, цифрлы жобалар енгізу – бүгінгі күн талабы. Коворкинг орталығы – аймағымыздың кітапханалары үшін, жаңа пайдаланушыларды тартуға және жаңа жұмыс түрлерін енгізуге мүмкіндік беретін технологиялық орталық. Оқырмандар үшін оңтайлы жүйеге ауысып, «Коворкинг» орталықтарының жаңа келбеті жақсы көріну үшін С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Коворкинг» орталықтарына құрал-жабдықтарды табыстау рәсімі өтті. Алғашқы құттықтау сөз Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Жақыпбекова Әлия Әлімжанқызына берілді. Ол өз сөзінде «Коворкинг» орталығының тиімділігін нақтылап айшықтауға баса назар аударудың мақсатын түсіндіріп, облыстың барлық аудандарынан келген кітапханашыларды тынбай еңбек етуге шақырды. Сондай-ақ аудандарға құрал-жабдықтарды табыстады. Ал С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Тоқабаева Ғалия Сламбайқызына өз сөзінде облыс кітапханаларында «Коворкинг» орталықтарында атқарылып жатқан маңызды жұмыстарды жүйелесе, Қарасай аудандық кітапханасының директоры Ұлдархан Қаханқызы Өтеева аталған орталықтарының тиімділігі туралы баяндама жасады.

Сонымен бірге шара барысында ән әуелеп, күй күмбірледі. Сүйінбай атындағы филармонияның өнерпаздары – ҚР мәдениет қайраткері, әнші Кенжекей Ақжолованың орындауында халық әні «Ақсұңқар», ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбековтың орындауында Жаяу Мұсаның әні «Көгершін», Қазақ өнерінің қайраткері Эльмира Дауренбекованың орындауында Кенен Әзірбаевтің әні «Шырқа даусым» шырқалды.

Ағылшын тілінен аударғанда «бірге жұмыс істеу» деген мағына беретін «коворкинг» орталықтары бос уақытын тиімді өткізетін және шығармашылықпен айналысуға қолайлы алаң болады деп сенеміз. Кітапхана зияткерлік демалыс ордасы болуы қажет.

Шынар ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды.

Оқи отырыңыз
post-image
Аймақ

ЖЕТІСУ ДИҚАНДАРЫ ШАРУАҒА КІРІСТІ

Жеті қат көктен құт қонып, жер қойнауын ырысқа толтырған Жетісу жерінде көктемгі науқандық егістік жұмыстар басталып кетті. Бүгінде жер игеріп отырған диқандар мен шаруа қожалығы иелерінің нағыз қарбалас шағы....
post-image
Аймақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТАЛДЫҚОРFАНFА КЕЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді. Сапар барысында бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралап, салтанат сарайына жиналған өңір жұртшылығымен, әр сала өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесті....
post-image
Мәдениет

АЙТЫСКЕР АҚЫНДАР ЖЕТІСУ ТӨРІНДЕ

Қазақтың қасиетті өнері – айтыс. Осы айтыста 30 жылдай жырын жырлап, елдің мұңын жетер жерге жеткізіп жүрген «Айтыстың аққуы» Айнұр Тұрсынбаева өз шығармашылық кешін наурыз айында елорда төрінде дүркіретіп...
post-image
Аймақ

КІТАПХАНА – ЗИЯТКЕРЛІК ДЕМАЛЫС ОРДАСЫ

«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп Әбіш Кекілбаев руханият ордасының бағасын берген еді. Иә, дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға адамзаттың жылнамасын жеткізіп, парасаттылық пен білімділіктің ордасына...
post-image
Қоғам

ДАРАҚЫЛЫҚТЫҢ КІМГЕ КЕРЕГІ БАР?

Маусым айының соңында жүректері лүпілдеп жүрген түлектер тыныштала ма десеңіз, қателесесіз. Сауданың да қыж-қыж қайнап, бәсекелестіктің де шарықтау шегі осы тұсқа дөп келеді. Себебі, қолына аттестат алған жеткіншектер мектеп...
Тағы қарау