«Ой-қарағай» тау-шаңғы кешені ашылды

1467

Облысымыздың Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық аумағында «Ой-Қарағай» тау-шаңғы кешені ашылды. Елбасының қысқы туризмді дамытуға арналған тапсырмасымен бойынша қолға алынған жоба қысқа уақыттың ішінде нысан қолданысқа берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі А.Баталов, аудан әкімі Р. Сәтбаев және «Лесная сказка-Апорт Ақ-Тас» компаниясының презиеденті Е. Балфанбаев және тағы басқа қонақтар мен облыс тұрғындары қатысты.

Тұмса табиғатымен ерекшеленетін Жетісу өлкесінің ерекше бір демалыс аймағы қатарына қосылған кешенінің аумағы – 85 га. Теңіз деңгейінен 1820 метр биіктікте орналасқан шаңғы базасының қазіргі сырғанау жолақтығы – 13 шақырым. Болашақта сырғанау аймағын 40 шақырымға дейін ұзартуды жоспарда бар.

Күніне 5000 адамды қабылдауға дайын демалыс аймағы жаз мезгілінде велосипед тебуге лайықталмақ. Бүгінде келушілерге 6 мейрамхана мен 99 орындық қонақ үй қызмет көрсетуде.

Нысанның осы және өзге де ерекшеліктеріне тоқталып өткен облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы өз құттықтау сөзінде кешеннің қысқы туризмді дамытудағы рөліне баса назар аударды:

– Елбасы облысқа келген сапарында туризм кластерін қалыптастыру туралы тапсырма берген еді. Соның ішінде Шымбұлақтан (Шыңбұлақ) бастап Түрген шатқалына дейінгі аралықта тау туризмін дамыту қажеттігін айтқан болатын. Соған байланысты бүгін, міне, жаңа тау-шаңғы кешенін ашып отырмыз. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, республикалық маңыздағы автокөлік жолынан кешенге дейінгі 6,2 км жолға күрделі жөндеу жасадық. «Орман ертегісі» тау-шаңғы курортына инвестор Ерік Балфанбаев өзінің жеке қаражаты есебінен 60 млн АҚШ долларын құйды. Ерікке алғыс айтамын. Отбасыларыңызбен, дос-жарандарыңызбен келіп, таза ауада демалып, шаңғы теуіп, игілігін көріңіздер!

«Ой-Қарағай» тау-шаңғы кешені болашақта тек Қазақстан ғана емес, әлемнің әр бұрышынан туристер көптеп келетін үлкен орталыққа айналады деген үміт бар.

Шынар ЖЕҢІСҚЫЗЫ

 

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ