Ел сыйлаған азамат

0
3337

Азаматтардың игі істерін дәріптеу, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде көрсету – әр азаматтың парызы. Жаратылысынан еңбекқорлықты серік еткен Наурыз Қылышбаев ағаның іскерлігіне, ұйымдастыру-шылдық қабілетіне бұл өңірде тамсанбайтын жан жоқ шығар.

Қандай істің болсын күрмеуін тез шешіп, айналасындағыларды ортақ мақсатқа жұмылдыра білетін, қажет кезінде ақырын жеткізіп немесе батырып айтып, облыс басындағы басшыларға да сөзін өткізе алатын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін, өзінің білімі мен біліктілігін мойындата білетін азамат. Наурыз аға ел үшін, елдің қамы мен тарихи жады үшін жан-тәнін аямайтын, іс барысында айбарлы, жайшылықта өте жайдарлы, ұйымдастырушылық ұтқырлығы, қайраткерлік қарекеті орасан зор адам. Осы ағамыздың арқасында тарих тарауларындағы танымал тұлғалар ортамызға қайта оралып орын табуда. Қарымды қаламгер Бексұлтан Нұржекеұлы «Есті халық ескісін сыйлау арқылы бүгінгісін биіктетеді» деген болатын. Сол ағамыз айтқандай, Наурыз ағамыз да әулие Балпық бабамыздың 325 жылдығын өткізуде үлкен еңбек сіңірді, ағамыздың бұл еңбегі әдебиет пен тарихымызға қосқан үлкен үлесі деп білеміз. Балпық бабамызға арнап кітап шықты, Талдықорған қаласынан көше аты беріліп, Көксу ауданының орталығының аты «Балпық би» атауына ие болып, ескерткіш тұрғызылды. Ұрпақтарымыз бабаларының кім екенін біліп, солардың ерліктеріне еліктеп, асыл сөздерін бойларына сіңіріп бабаларына ұқсап бой түзеп өсер деген ойдамын. Наурыз Қылышбаев ағамыз әлі де ұмытылып бара жатқан талай би, батыр бабаларымызды жазып, кейінгі ұқпақтарға танытар деген ойдамын.

Барлыбек БАЙТАЕВ



ПІКІР ЖАЗУ