Депутаттық фракция құрылды

0
1661

Салтанат сарайында Талдықорған қалалық мәслихат депутаттарының шақырылуымен «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция жиналысы өтті.

Аумақтық сайлау комиссиясының шешімі және Талдықорған қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросының қаулысы негізінде қалалық мәслихатқа «Nur Otan» партиясына 15 депутаттық мандат орындары бөлініп, қаулыға сәйкес депутаттық фракция құрылды.
Депутаттық фракциясының жетекшілігіне бірауыздан А.Жазықбаев сайланды. Жаңа мандат иелері бірінші рет отырысқа қатысып отырғандықтан мәслихат депутаттарымен қалалық мәслихат хатшысы Т.Ахажан таныстырды.
Отырыс барысында бір ай ішінде жергілікті атқарушы органдармен бірге барлық көрсеткіштерді жыл бойынша бөле отырып, қалалық сайлауалды бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту бойынша міндеттер қойылды. Сондай-ақ, күн тәртібінде Талдықорған қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы жетекшісін және оның орынбасарын, Төралқаның жеке құрамын сайлау сынды мәселелер қарастырылды. Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы, мәслихат сессиясының төрағасы лауазымына ұсынылған кандидаттар талқыланып, дауысқа салынды.
Экономика, қаржы мәселелері және бюджет бойынша комиссия төрайымына Б.Ержанова, әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, қоршаған ортаны және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша комиссия төрағасына С. Джансенгіров ұсынылды. Ал, әлеуметтік-мәдени даму және жастармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы болып Ж. Нұрлыбаева тағайындалды.

Д. БЕРЕКЕТ.


ПІКІР ЖАЗУ