Мүсіндерге жұмсалған қайран миллион
«Мыналары несі, мұнда неге орнатқан?» Талдықорған қаласындағы «Офсет» баспаханасы ғимараты алдындағы мүсіндерді алғаш көргендердің айтқан сөзі бұл. Шынында да ойын балалары бейнелеген мүсінді осындай салмақты мекеменің алдына қоюдағы көздеген мақсат не, әлде дәл осында орнатылуы керек деген тапсырма берілді ме?
Жалпы, бүгінде қаланың көр-кіне көрік беруде орнатылған мүсіндер туралы әңгіме көп. Олардың көпшілігі біздің елдегі мүсіндік туындылардың әмсе көңіл көншіте бермейтініне назар аудартады. Мәселен, мына мүсіндер туралы да елдің айтары аз болмады.
«Бұл жерге орнатқан кім, өзі? Ана бірінші тұрғанының сұрқын ай. Қайық ойнаған баланың түрін келтіргісі келгенімен, егде тартқан адамның сұлбасы ғой мынау».
«Просто слов нет. Я напугалась».
«Бұл мүсіндерді балалар ал-аңына немесе су бұрқақтың, балабақшаның маңына қою керек еді ғой. Мұнда не үшін орнатты екен?» деген бас-пахана ғимаратында орын тепкен орталықтың мұғалімдері мүсіндердің бұл жерде үйлесім тауып тұрмағанын айтады. «Дайындыққа келетін оқушы-лардың: «бірінші тұрған баланың мүсіні құдды бір «к-нін» көрсетіп тұрғандай әсер береді екен» дегендеріне не дерімізді білмей қалдық. Әрине, бұл, осы мүсіндерді жасағандардың үлкен қателігі болып тұр ғой. Тәрбиелік жағынан ерсі көрін-етін мүсін деуге келіңкіремесе де, мұндай жерде тұруы көзге оғаш көрінеді екен. Сұлбасы бала болғанымен, әсіре-се, біріншісінің түрі мүл-дем келіңкіремейді де» – дегендердің сөзін жоққа шығара алмайтынымыз рас-ақ.
Осы орайда мүсін-дерді орнатқан «ПМК-7К» ЖШС мердігерлік ұйымы- ның учаскелік басшысы Дмитрий Юдинге хабарласып, мән-жайды анықтадық.
«Біз тек орындау-шымыз. Ал бұған не-гізгі жауаптылар Тал-дықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Бөлім басшысы Н.Әлиұлы сол жерге мүсіндерді қою керекті-гі туралы айтқан соң, біз барып орнаттық. Сіз сұраған мына мүсіндердің жобаға ұсыныс ретіндегі салынған эскиздерімен суреттері бар. Көремін десеңіз, көрсетейік. Тағы қайталап айтамын, мүсін дәлме-дәл суреттегідей етіп жасалған» – деді ол.
Д.Юдиннің жанында-ғы Сергей есімді жігіт те қарап қалмады: «Сіздерге ұнамаса, онда нысанды өткізген соң мен өзім арнайы келіп, алып кетемін» деп қоқай танытқан сөзіне не дерсің?!
Орындаушылардың айтқан сөзінен соң, осы іске жауапты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрым Әлиұлына хабарластық. Бірінші күні телефон шалғанымызда ол орнатылған мүсіндерді келіп көрмегенін, оның бұдан да өзге қауырт жұмысы барын айтты. Алайда біз Нұрым мырзаға «мәселенің мән-жайына көзжұмбайлылық танытпай, уақыт бөліп мүсіндерді көрсеңіз, сосын нақты жауабын берсеңіз» дедік. Бұдан кейін ол келіп көретінін, хабарласатынын айтқан-ды. Бірақ, бөлім басшысы берген уәдесінде тұрмады.
Түске дейін күтіп тағы өзіміз хабарластық. Бұл жолы мүсіндерді орнату жобасы туралы сұрап, ала келуін өтінгенімізде тағы сол түрлі сылтауларын айтып, сытылып кетті. Мұнысымен қоймай «қазір барамын» деп ауызды құр шөппен сүрткені өзгенің емес, өз сөзін өзі аяққа басқаны деп түсіндік.
Мүсінші Тілеуберді Бинашев ағамыз бір сөзінде көшеде тұрған ескерткіштер мен мүсіндердің барлығы тапсырыс-пен жасалатындығын, бұл жерде шынайы талантпен бірге халтурщиктер де кездесетінін, халтурада ақша көп болатындығын, оны айыра білу керек екенін айтыпты. Сол айтқандай, мына жасалған мүсіндер де сондай бір халтурщиктердің қолынан шықпасына кім кепіл? Мемлекеттен бөлінетін миллиондарды осындай халтура істерге жұмсай берсек, онда еліміздің ертеңі не болары бір Аллаға ғана аян.
Миллион туралы сөз қозғаған себебіміз, мына мүсіндерді жасату мен оны орналастыруға кеткен қаржының қанша екенін жобаға ұсыныс ретінде салынған эскиздерді көргенде жазуына да зер салып қараған болатынбыз.
Қысқасы, «Балалық шақ» деп аталатын мүсіндік композицияға 3,5 млн. теңге жұмсалыпты. Осы соманың ішіне мүсіннің жасалуы, жеткізілуі және орнатылуы кіріктірілген. Әрине, бұл дегеніңіз аз қаржы емес.
Қыруар ақшаны сарп еткенде осындай халтура істердің орын алуына неге жол беріледі? Әлде бұл істе сыбайласып жасалған жемқорлықтың ізі жатыр ма, қалай? Әйтпесе, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы басын ала қашпай, мына мүсіндерді бір көріп кетуге уақыт табар еді ғой. Бөлім басшысы реттей алмаған іске қатысты қала әкімі қандай уәж айтады?
РЕДАКЦИЯДАН: Газетіміз беттеліп жатқанда орнатылған мүсіндер алынып тасталды.
Сарби ӘЙТЕНОВА