Күнгей Алатауы баурайындағы қонақ үй

0
2178

 Отандық туристерден бөлек, шекара асып келушілердің сүйікті демалыс орны, табиғаттың інжуі – Көлсай көлі. Демалушылар санының жыл санап артуына орай   аталған аймақта ішкі туризм дамып,  қонақ үй кәсібі де жанданды.

Сатыдан Көлсайға апарар жолдың бойында орналасқан қонақ үй құрылысы екі  жыл жүргізілген.  Екі қабатты нысанның іші заман талабына сай жасақталған. Қонақ үйде 40 адамға лайықталған 20 жатын орын бар.

Көлсай көлінен 5 минуттық жерде орын тепкен Kolsay Grand — эко қонақ үй.

Аты айтып тұрғандай, ғимарат иелері мұнда табиғилықты алдыңғы орынға шығарған. Айтуларынша,  Қонақ үй мәзіріндегі тағамдар  тек өздері  қолдан жасайтын табиғи өнімдерден дайындалады.  Өзгелерден ерекшелігі де осында. Ет, көкөністер, жемістер бәрі табиғи азық-түліктер қатарынан алынады.

«Ең әуелі барлық жағдай келушілер үшін жасалады. Олар бізден жоғары сапалы қызмет алуына барымызды саламыз. Келушілердің көңілдері толса содан асқан бақыт жоқ. Өйткені командамыздың кәсібилігіне баға беретін де қонақтар»,  – дейді Kolsay Grand қонақ үйінің директоры Әлішер Тайжанов.

Ғимараттың  қапталында «Глэмпинг» салынған. Глэмпинг – бұл табиғатта жоғары дәрежеде демалу. Көлсай көлінің маңында бой көтерген нысандағы глэмпингтің ерекшелігі мұнда таза ауада құрылатын шатырларды жұмсақ төсегі бар жайлы үй алмастырады. Сондай-ақ, шомылуға арналған өзеннің орнына арнайы жуынатын бөлмесі болады. Бұдан бөлек, бұқтырма тамақтарды, дәмі тіл үйіретін мейрамхана тағамдары алмастырады екен.

Мұндай демалыс жабайы табиғаттың  құшағында болуды ұнататындарға арналған.

«Дәл осы маңнан кәсіп ашу алғаш рет Көлсай көліне келген кезде ойға келді. Кейін істің қамына кірістік. Екі жылдың ішінде салып біттік.  Алдағы таңда аулада тұрған «Глэмпинг» санын ұлғайтқымыз келеді. Қанша айтқан мен эко қонақ үй бағытын ұстандық қой. Әлі талай жұмыс бар жасалатын»,- дейді Әлішер Әбенұлы.

Айта кетейік, мұнда бір күнге тұрақтау 15 мың теңгеге шығады. Ең шекті баға 36 мыңға дейін барады. Аталған қаражатқа жатын орын мен үш уақыт тамақтануы кіреді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ