Су тасқыны жағдайы бақылауда

0
377

Кербұлақ  және Алакөл аудандарындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Бұл туралы   Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында  Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Игорь Жуков   мәлімдеді.

5 наурыздағы жағдай бойынша Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауданында 4 ауланы су басқан. Оқиға орнына 19 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта арық жүйесін тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізілуде.

«Жетісу облысы ТЖД-не Кербұлақ ауданы Сарыөзек-Көктал автожолының бойында 9 шақырымдық  жерде орналасқан цемент өндіру бойынша «Alacem»  зауытының аумағын су басу туралы ақпарат түскен жоқ.

Алайда, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде жұмысшылардың зауыт аумағының  беткейдегі ағынды сулардан қалың қар ерігені салдарынан егістік алқаптарынан су басу жүріп жатқаны туралы бейнені  түсіріп, жариялағаны анықталды. Қызметкерлердің жұмылдырылуымен еріген қар суын бұру бойынша  шаралар қабылданды.  Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Зауытқа да зақым келген жоқ», –  деді Игорь Жуков.

Алакөл ауданының Қабанбай және Жайпақ ауылдарында да аула аумағын су басу салдарының алды  алынды. Жергілікті жерлерде жеке құрамның 10 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды.

Ал, Ескелді ауданында қардың қарқынды еруі мен арық жүйесінің тазаланбауы салдарынан Жалғызағаш ауылының маңындағы жол бөлігі су астында қалды. Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына барып, каналдарды тереңдету және тазалау жұмыстарын жүргізді. Еріген су Биғаш өзеніне транзиттік режимде өтеді.

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сәйкес, жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ, 2023 жылғы  6-8 наурыз аралығындағы кезеңде температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі күтілуде. Жетісу өңірінде еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, бұл ретте судың төгілуі  мен  су басуы мүмкін», – деді спикер.

Жалпы, Жетісу өңіріндегі су тасқыны жағдайы бақылауда. Су тасқынының алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері  азаматтарды канал жүйелері мен аула аумақты  тазалап, көмектесуге шақырады.

«АЛАТАУ – АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ