Қоқыстан қашан арыламыз?

0
412

Жер  бетіндегі  жеті  миллиардтан  астам  адам үшін маңызды экологиялық, ғаламдық  мәселенің  бірі – қоқыс. Оның түрлері мен қоршаған ортаға  қаупі  қаншалықты  маңызды болса,  уақытында тазартып, жойып  отыру да  кезек күттірмейтін  жұмыс. Осы  жұмысқа елімізде  қандай шаралар  қабылдануда?  Адам  денсаулығы  мен  табиғатқа  аса  зор  қауіп  төндіретін  қоқыс   полигондары   уақытылы  тазартылып тұра ма?  Өңіріміздегі  жағдайларға  зер  салсақ   қоқыс  полигондары  тіптен  қараусыз  жатқандай  көрінеді.  Осыдан бірнеше күн бұрын  Сарыөзек  ауылының  тұрғындары  ауылдың  шыға  берісінде  орналасқан  қоқыс  полигонының  тазартылмайтынын, тіпті  соққан  желден  қоқыстардың  жанып  жатқаны  жайлы  әлеуметтік  желіде  айтқан  болатын.  Қоқыс  полигонының  расыменде  қараусыз қалғанын   сол  маңайға  барған  желі  белсендісінің   арнайы  түсірген   бейнебаянынан көруге болады. «Халық  айтса айтқандай-ақ ,  полигонда  қоқыстар  жанып жатыр. Қоқыстардың  қолаңса   иісінен дем  алу  мүмкін емес. Оған  қоса  арнайы  жүк   көлігімен  келген белгісіз   адамдар  шашылған қоқыстың  үстіне  белгісіз  сұйықтықты төгіп кетті.  Мән-жайды  сұрау үшін  жандарына жақындап едік,  көліктеріне отырып  бірден кетіп  қалды» деген  желі  қолданушысы  жанып  жатқан  отты өшіру үшін  ТЖД  қызметкерлерін  шақыртқан.  Полигонға  жедел жеткен  ТЖД қызметкерлері  мен  учаскелік  полиция  қызметкерлері  жедел  әрекет жасап өртті өшірді.  Бұл жағдайға байланысты  Кербұлақ ауданының  әкімдігі  алдағы уақытта қатты тұрмыстық  қалдықтарды  шығаратын  мекеме  құрылып,  келісім  шарт жасалатын  болады  деп сендірді.  Алайда  Сарыөзек  ауылының  тұрғындары  айтылған  сөз  аяқсыз   қалып  қояма  деген күдікте. Осындай  тұрмыстық  қалдықтар  тау-тау  болып  үйіліп,  қоғамға да табиғатқа  да  өз  зиянын  тигізбеу  үшін  әрбір үйден шығатын қоқысты ретімен жинау  керек. Әйтпесе   тұрмыстық   қалдық алаңдары жыл  өткен   сайын   көбейе   беретіні сөзсіз. Шынында әрбір азаматтың жауапкершілігі   табиғаттың   ластанбауына   әсер   етіп,   қоршаған ортаның  экологиялық   тазалығына   ықпал   етеді. Сол  себепті  әрбір  адам  болашақ   үшін  үнсіз қалмай,  әрекет  етуден қашпайық.

Айдана СМАҒҰЛ


ПІКІР ЖАЗУ