Шомылу маусымына дайындық пысықталды

0
379

Жетісу облысында жазғы шомылу маусымына дайындық  шаралары басталды.

Өткен жылы шомылу маусымында өңірде суға батып кеткен адамдардың 2 фактісі, 2021 жылы 8 факт тіркелді. Жыл өткен сайын қауіпсіздік шаралары артып келеді.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық   Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бағдат Тыныбек мәлімдеді.

Спикер сөзінше, судағы адамдардың жазатайым оқиғаларын болдырмау мақсатында, демалыс аймақтарының иелерімен оқытылған құтқарушыларымен ведомстволық құтқару бекеттерін ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.   Сондай-ақ, судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылған.

«2023 жылғы шомылу маусымы кезеңінде облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары» бекітілді. 36 мыңнан астам үгіт-насихат материалдарын  сатып алуға  жергілікті бюджеттен қосымша  1 млн 305 мың теңге бөлінді», – деген Б. Тыныбек шомылу маусымы 1 маусымнан 31 тамыз аралығында жалғасатынын да атап өтті. Осы  кезеңде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті нұсқаулар берілген екен. Бұл бағыттағы жұмыс қатаң бақылауда және шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғаспақ.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»  


ПІКІР ЖАЗУ