Балалар шығармашылығы орталығы ашылды

0
438

Балаларды қорғау күніне орай Алакөл және Ескелді аудандарында   балалар  мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы  ашылды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алакөл ауданы Қабанбай ауылындағы мәдениет үйінің базасында 150 орындық балалар шығармашылық орталығы есігін айқара ашты. Мұнда балалар домбыра   тартуға машықтанып, вокалмен, қолданбалы өнермен айналыса алады. Поэзия үйірмесі, арт-студия, қуыршақ театры да ұйымдастырылған. Робототехника, ағылшын тілі сабақтары өткізіліп, тоғызқұмалақ ойнауды үйретеді. Барлығы 10 түрлі үйірме бар.  Алакөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, орталықтың материалдық-техникалық базасын дамытуға барлығы 19 млн. теңге бөлінген.

Осындай тағы бір орталық Ескелді ауданы  Қарабұлақ ауылында ашылды. Мұндағы 120 орындық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында қосымша музыкалық білім беруге баса назар аударылады. Оқушылар домбыра, фортепиано, гитара, баян тартып үйрене алады, вокалдан сабақ өткізіледі. Сонымен қатар сурет салумен айналысатын балалар үшін өнер студиясы құрылды.  Ескелді ауданы әкімдігінің дерегінше, орталықтың материалдық-техникалық базасын дамытуға барлығы 43 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, Жетісу облысында жергілікті жерлерде балалар мен жасөспірімдер шы-ғармашылығының осындай 17 орталығы жұмыс істейді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ