Есірткі өнімі жастардың санасын улауда

0
445

Есірткі өнімі естен тандырып барады. Әсіресе  жастардың санасын улап, қоғам үшін үлкен қауіпке айналған кеселмен күресу оңай болып тұрған жоқ. Бизнестің қайнар  көзіне  айналған  бұл   өнімді  таратушылар  жас  талғамайтын  болған. 

Атырау қаласында  үлкен  көлікпен  есірткі өнімін таратушыны қала тұрғындары құзырлы органға ұстап берген видеоролик  әлеуметтік  желіге тараған еді. Әлия атты әйел «Джип» автокөлігіне  тінту жүргізген полиция өкілдерінен қаймықпайды да. Күдікті екі қолын айқастырып маған не істеп аласыңдар дегендей шіреніп тұр. Автокөлігін тінту барысында  түйіншектелген өнімдерді көрген куәгерлердің көздері шарасынан шықты. Артынша «біз ұстап берген күдікті әйел неге бостандыққа шығып кетті» деген ақпарат желіні жарды.  Жалпы есірткіге тек тұтынушылар мен саудалаушылардың  ғана емес, қылмысты бүркемелеп келген полиция өкілдерінің де қатысы болғанын алдыңғы нөмірлерде жазғанбыз. Тұтынушыны естен тандырып, жадыны улайтын есірткінің алуан түрі бар.  Оны саудалаушылар  түрлі айла тәсілге көшкен. Кейінгі жылдарда ғаламтор желілеріне жарнамалап, таратушылар қатары көбейген. Құрамында есірткі  бар өнімді өсіріп сатушылар да тыйылмай тұр. «Марихуана», «Гашиш», «Синтетика», «Қара сора» атауы бар зиянды өнімдер қазір айналымда жүр. Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен құрылтайда жастардың есірткіге елітуі қоғам үшін аса қауіпті екенін атап өткен-ді. Мемлекет үшін жемқорлықтан кейінгі күрес  есірткі екені даусыз. Осыдан екі-үш жыл бұрын жастар арасында насыбай атушылардың және электронды шылым шегушілердің көбейгенін ақпарат құралдары айтып, дабыл қаққан болатын. Ал есірткімен күрес сонау кеңестік кезеңнен бері  жалғасып келеді. «Апиын алтыннан да қымбат» деген көркем фильм совет одағында жарық көріп, апиын тасымалдаушылар мен кеңестік милицияның қалай күрескені туралы баяндалған киноны бала кезімізде көріп өскенбіз. Қазір мұндай кинолардың  алуан түрін жастар көріп  жүр. Жаһандану дәуірінде қылмыс әлеміндегі кинолардың бәрінде есірткі өнімі бейнеленеді. Зиянды нәрсенің атын естіп одан жерінудің орнына ұстап көріп, дәмін татып, шырмауынан шыға алмай жүрген қаншама жас бар. Қаншама жастың  тағдыры  тәлкекке түсті. Қанша отбасы бүлінді. Өнер  жұлдыздарының, оның ішінде эстрада әншілерінің біразы осы нашақорлыққа бейім екені айтылып жүр.  Оның жарқын айғағы ретінде жақында жас әншінің 20 күнге қамалғанын айтсақ та жеткілікті. Жасты да, жасамысты да баудай түсіріп, шырмауықтай шырмап алған есірткіге қатысты  күрес  бәсеңдеген жоқ. Осы қылмыспен күреседі, қылмыстың  жолын кеседі деген полициялардың да істі болғанын қалың бұқара әлі ұмыта қойған жоқ. Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында ұсталған. Жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінде ұсталған ер адамнан ерекше иісті ақ түсті  екі бума ұнтақ,  сондай-ақ белгісіз маркалы тапанша тәркіленген. «Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», дейді, Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз өкілі. Бұрын «өнерде шекара жоқ» деп мақалдатушы едік. Енді есірткіде шекара жоқ дейтін болдық.  Адам денсаулығына зиян, ақыл-естен тандырады деп үгіт-насихат айтудай-ақ айтылып, жазудай-ақ жазылып, бейне роликтер  мен кинофильмдер көрсетіліп жатыр. Алайда зиянды екен деп аяғын тартып жатқан жастарды көрмейсің. Керісінше жаман затқа әуестері кетіп, өз өмірлеріне өздері балта  шабуда. Есірткі өнімінің шекара талғамайтынының тағы бір дәлелі Түркиядан елімізге есірткінің заңсыз айналымына атсалысқан күдікті экстрадицияланды  деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.Түркия Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының елімізге есірткі бизнесімен айналысқан азаматты тапсыру туралы сұрауын қанағаттандырған.  Тағылған айып та ауыр. Күдікті Түркияда аса ірі көлемдегі есірткіні сату үшін сақтаған деген дерек бар.  Істі тергеу кезінде күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған Халықаралық іздеу жарияланған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған. Биылғы жылдың қаңтар мен маусым айының кезеңінде, есірткінің заңсыз айналымы желісі бойынша Жетісу облысы полиция департаменті, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметінің   мәліметіне сәйкес өңірде 102 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. (72 – 2022 ж.), оның ішінде, 40 есірткі қылмысы (36-2022 ж.) олардың қатарында:

– ҚР ҚК 297-бабының 1-3-бөлігінде көзделген есірткі заттарын өткізудің 20 фактісі (2022 ж. — 20);

– ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтаудың 13 фактісі (2022ж. — 8);

– ҚР ҚК 299-1-бабы 2-бөлігі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып  есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалаудың 2 фактісі (2022ж.-2);

– ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлімінде көзделген құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің 5 фактісі (2022ж. — 6).

ҚР ҚК 296-бабы 1-3-бөлігі бойынша 62 есірткі қылмысы (2022ж.-35)    анықталды, оның ішінде:

– 1-бөлігі бойынша – 14 факті (2022ж. — 15);

– 2-бөлігі бойынша – 43 факті (2022ж. — 13);

– 3-бөлігі бойынша  – 5 факті бойынша (2022ж. — 7).

Заңсыз айналымнан 32 кг. 641,47 грамм түрлі есірткі заттары алынды (24 кг. 321, 2 гр. – 2022ж.), оның ішінде:

«марихуана»  – 22 кг.179,43 гр. (21кг. 914,97 гр. – 2022ж.);

«гашиш»  – 4 кг. 471,89 гр. (2 кг. 125,81 гр. – 2022ж.);

«синтетика»  – 2 кг.321,02 гр. (255,42 гр. – 2022ж.);

«қарасора тұқымдас өсімдіктер»  – 3 кг. 669,13 гр.

Жыл басынан бері есірткі заттарын заңсыз өткізгені үшін 14 азамат ұсталған. Олардың арасында бір еуі кәмелетке толмаған. Екеуі ғаламтор желісі арқылы есірткіні заңсыз жарнамалаумен айналысқан. Осы зиянды өнімге  өрімдей жастардың белсене араласуы қоғамға үлкен қауіп тудыруда. Ұялы байланыс арқылы ғаламтордың қыр-сырын жетік меңгерген жастар бұл қылмысқа именбей баруда. Оны Жетісу облысы Ішкі  істер департментінің берген   мәліметтерінен  көруге  болады. Интернет-ресурстар арқылы жүзеге асырылатын синтетикалық препараттардың таралу қаупі ерекше алаңдатушылық тудыратынын айтқан құзырлы орган өкілдері,есірткі бизнесіне тұрақты табысы жоқ 18 бен 25 жас аралығындағы жастар, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер көбірек тартылуына алаңдаушылық білдіреді. Осы қорқынышты қауіп туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі  Қазақстан Халқына жолдауында құқық қорғау органдарына бұл індетті біздің азаматтарымызға, әсіресе, жастар арасында таралу жолына қуатты тосқауыл қоюды тапсырған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Жетісу облысы полиция департаменті басшылығы синтетикалық есірткілерді таратумен айналысатын адамдарды, оның ішінде интернет арқылы анықтау бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметіне ерекше назар аударып отырғандарын айтуда. 2023 жылдың басынан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметкерлері 7 синтетикалық есірткі таратушыны, оның ішінде 4 тасымалдап жасырушыны  анықтап, ұстаған. Мысалы: Өткен жылдың қараша айынан бастап Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметкерлері есірткінің заңсыз жарнамасын, сондай-ақ, «тасымалдап жасырушы», «жеткізуші» және т.б. ретінде жұмыс ұсынған хабарландырулар  таратумен айналысқан белгісіз тұлғаға қатысты жедел әзірлеме жүргізген. Ақпарат «Instagram», «В контакте», «OLX» және т.б. сияқты танымал интернет-сайттарда орналастырылған, жанның  жеке басын анықтау мақсатында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын оның ішінде арнайы іс-шараларды өткізген. Олардың нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Талдықорған қаласының 1998 және 2000 ж. екі жас тұрғыны анықталып, ұсталған. Тінту шараларының нәтижесінде ұсталғандардан «Activ» ұялы байланыс операторының 1000-ға жуық SIM-картасы, 3 компьютерлік процессор және 4 ұялы телефон алынған. Бұл факт ҚР ҚК 299-1-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша 19.01.2023 жылы  №233310031000177 СДТБТ-де тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Текелі қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталған.  Оны жеке тінту кезінде жалпы салмағы 9,77 грамм «Пирролидин» синтетикалық құралымен түйіншек алынған. Сондай-ақ, осы жылдың  ақпан айында жедел әзірлеме нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметкерлері Жетісу облысының тумасы  Талдықорған қаласында тұратын 21 жастағы әйелді жалдамалы пәтерде ұстаған, ол жалдамалы пәтерде құпия орынға жасырып қою жолымен ғаламтор арқылы одан әрі тарату үшін синтетикалық есірткілерді өлшеп ораумен айналысқан. Іздеу шараларының нәтижесінде күдіктіден 2,3 келіге жуық синтетика, орау материалдары, электрондық таразы және т. б. алынған.  Наурыз айында, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы облысы, Іле ауданы, орта мектептерінің бірінен  2005 жылы туған оқушыны  ұстаған. Ол Талдықорған қаласына ин-тернет арқылы синтетикалық есірткіні тасымалдап жасыру жолымен тарату мақсатында келген. Жеке және жалдамалы пәтерді тінту кезінде ұсталған адамнан жалпы алғанда 107,89 грамм «PvP-пирролидиновалерофенон» синтетикалық есірткісі, сондай-ақ орау материалдары мен электрондық таразы алынған. Наурыз айында Талдықорған қаласының 21,19 грамм «пирролидиновалерофенон» синтетикалық препаратымен 19 жастағы тұрғын ұсталған. Жан түршіктірер  есірткі өнімін саудалауда       мектеп оқушысының жүргені көңілді алаңдатады.  Өмірде оң-солын танып үлгермеген өрімдей жастың, қылмыстың бел ортасында жүруі қорқынышты. Оны бұл қылмысқа кімдер тартты, неге болашағына балта шабылды деген заңды сұрақ кімді болса да мазалайды. Шыбықтай солқылдап тұрған баланың ата-анасы неге бақылауды босаңсытып жіберді. Іле ауданынан Талдықорғанға не үшін барасың деп сұрамаған ба? Оның өскен ортасы, әлеуметтік жағ-дайы қалай болды. Қазіргі ата-ана-лар балаларының телефон шұқылап отырғанына аса зер салмайды. Табыс табудың жеңіл жолын көздегендер әлгіндей жарнамаға шырмалып қалатыны хақ

Есірткінің ірі топтамаларын алу және  (ұйымдасқан қылмыстық топты)анықтау бойынша  ағымдағы жылдың  сәуірінде ҚР ҚКнің 296-бабы 4-бөлігі бойынша, №233310031000541 іс шеңберінде же-дел ақпаратты іске асыруда есірткі қылмысына қарсы іс қимыл жөніндегі басқарма қызметкерлері 1976 жылы туған  Талдықорған қаласының тұрғынын ұстаған. Одан тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізу кезінде үйдің ауласында орналасқан жертөледен жалпы салмағы 2 кг 478 грамм «гашиш» есірткісі заты бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленген. 2023 жылдың қаңтар айында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметіне Текелі қаласының, Жетісу облысының аумағында белгісіз адамдардың есірт-кі заттарын, оның ішінде синтетика-лық түрлерін заңсыз таратумен айналысатыны туралы жедел ақпа-рат келіп түскен. Жедел әзірленім нәтижесінде 4 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталған. Олардың барлығы Текелі қаласының тұрғындары болған.Жасырын тергеу іс-қимылдарының кешенімен әрбір жәбірленушінің есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екені анықталып, есірткі заттарын үш рет жасырын бақылау сатып алу жүргізіліп, тінту шаралары барысында ұсталғандардан шамамен жарты килограмм түрлі есірткі, оның ішінде 23 грамм «PvP-пирро-лидиновалерофенон»  психотроптық құралы алынған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметкерлері есірткіні, оның ішінде синтетикалық түрлерін сатумен, тасымалдаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеміз дейді.Қазіргі уақытта Жетісу облысының аумағында есірткі заттарын тарату-мен айналысатын қылмыстық «каннабис» тобына қатысты жедел ақпарат тексерілуде. Өңірге есірткі жеткізу арнасы анықталуда деген полиция қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу желісі бойынша атқарылып  жатқан іс-шараларды тілге тиек етті.

Жалпы жедел-іздестіру іс-шара-ларымен қатар Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметкерлері 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес облыстың жас өскелең ұрпағы арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңін-де облыстың полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қала мен облыстың жалпы білім беру, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында 414 дәріс өткізілді. Жоғары сынып оқушылары мен білімгерлерге есірткі құралдарын, оның ішінде синтетикалық түрлерін қолданудың салдары, сон-дай-ақ олардың заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары жеткізіл-ді. Дәріс барысында есірткіге қарсы тақырыпта, оның ішінде: мектептерде – 362, колледждерде – 48, ЖОО – да-4 рет бейнероликтер көрсетілген.

Сонымен қатар, 33 кездесу, 27 семинар, 24 акция, 18 дөңгелек үстел, 29 мәдени-спорттық іс-шара, 13 конкурс, 2 брифинг өткізілген.

Ағымдағы жылдың 26 мамыры мен 26 маусымы аралығында жос-пар шеңберінде облыс аумағында «Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күніне» орайластырылған есірткіге қарсы айлық өткізілді. Атап айтқанда, нашақорлықтың алдын алу бойынша 149 іс-шара, оның ішінде: 12 акция, 9 семинар, 72 дәріс, 8 дөңгелек үстел, 10 мәдени-спорттық іс-шаралар, 6 конкурс, 29 челлендж  ұйымдастырылды. Оның ішінде, денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп 103, білім басқармасымен бірлесіп 72, НПО-мен бірлесіп  4, сондай-ақ, 53 еріктінің қатысуымен 5 іс-шара өткізілді.

26  мамырда  «Жетісу» телеарнасында «Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» брифинг өткізілді, онда журналистердің сұрақтарына есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма қызметінің бастығы полиция подполковнигі М.Жұмбаев Жетісу облы-сы ПД ЖПҚБ бастығы полиция полков-нигі К. Мұхметов сондай-ақ, облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдері жауап берген. Ағымдағы жылдың 26 мамыры мен 26 маусымы аралығында облыстың жалпы білім беретін және арнаулы орта оқу орындары арасында есірткіге қарсы тақырыптағы челлендждер өткізу бойынша кең ауқымды акция өткізілді, олардың бейнероликтері танымал Интернет алаңдарының әлеуметтік беттерінде орналастырылған. 27 мамырда Талдықорған қа-ласы политехникалық колледжінің студенттері үшін Жетісу облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының базасында қызметтік-іздестіру иттерінің мүмкіндіктерін, заттарды іздеу, ұстау, оқыту негіздерін көрсете отырып, «Есірткісіз болашақ» тақырыбына экскурсия, 29  мамырда Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында «Есірткісіз өмір ғажайыбы, жаман әдеттерден аулақ бол», «Есірткіге еліктемей, денсаулықты ойла!», «Есірткісіз әлем»,  «Мен кесіп айтамын — Есірткіге жоқ!» деген ұрандарды, сондай-ақ «Есірткіге жол жоқ» қалпақшаларды пайдалану арқылы жастардың қатысуымен «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында флешмоб өткізілген. Флешмобқа 200-ден астам жас, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар қатысқан. Іс-шара барысында акция қатысушыларына есірткіні қолданудың салдары және олардың өмір мен денсаулыққа қауіптілігі түсіндірілді. Бейнеролик танымал «Тик-ток» сайтында орналастырылған. 30 мамырда есірткіге қарсы айлығы аясында Талдықорған қаласының оқушылар сарайында оқушылардың ата-аналары үшін «Нашақорлық пен нашақорлықтың алдын алу» мәселесі бойынша облыстық кеңес беру семинары өткізілген. Семинар барысында оқушылардың ата-аналарына есірткіні қолданудың салдары, оның ішінде синтетикалық түрлері және нашақорлықтан емдеу мәселелері әңгімеленді. Сондай-ақ, есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін құқықтық жауапкершілік түсіндірілді. Семинарға облыс мектептері оқушыларының 500-ден астам ата-аналары қатысты. 1 және 2 маусымда «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай балалар мен жасөспірімдердің, сондай-ақ олардың ата-аналарының қатысуымен «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен «Әкем, анам және мен — спорттық үйелмен» облыстық спартакиадасы өтті. Эстафетаға жүзу, жүгіру, арқан тарту, ұзындыққа секіру және т. б. сияқты бірнеше спорт түрлерінен бір-бірімен жарысқан 7 отбасы қатысты. Сондай-ақ, «Есірткісіз әлем» тақырыбында балалар арасында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш шаралардың барлығы есірткіге қарсы жұмылып күресу бағытында болып отыр. Талдықорған қаласында есірткінің таралуының алдын алуға бағытталған «Есірткісіз қала» акциясы өткізіліп, еріктілермен бірлесіп, тұрақты түрде қаланы аралауға шығып тұрады, оның барысында үйлердің қабырғаларына түрлі штрих кодтар мен есірткі сайттарын жарнамалайтын жазуларды өшіріп, бояу шаралары орындалатын айтты. Жетісу облыстық соттың берген ақпаратына зер салсақ, 2022 жылы 296 бап бойынша  31 адамға қатысты 31 іс түскен. 30 іс бойынша үкім шығарылған. 2023 жылы мамыр айына дейін 296 бап бойынша 43 адамға қатысты 43 іс түсіп, 40 іс бойынша үкім шыққан. 2022 жылы 297 бап бойынша 14 адамға қатысты 12 іс түсіп, 5 іс бойынша үкім шығарылып,  1 іс сотқа жіберілген. Биылғы жылы мамыр айына дейін 297 бап бойынша  5 адамға қатысты 5 іс тіркеліп, үкім шығарылған.

Айтақын МҰХАМАДИ

Суреттер ғаламтордан алынды.


ПІКІР ЖАЗУ