«Үздік ауыл мектебі» байқауы ұйымдастырылды
Талдықорған қаласындағы № 27 орта мектеп-гимназиясында облыс әкімінің қолдауымен «Үздік ауыл мектебі» байқауы ұйымдастырылды. Сайыстың негізгі мақсаты – шығармашылықпен, озық инновациялық режимде жұмыс істейтін білім беру ұйымдарын анықтап, тәжірибесін насихаттау болып табылады.
Байқауға Талдықорған қаласынан бір және сегіз бірдей ауданның мектептері қатысты. Ал жеңімпаздың жүлде қоры 1 млн., 2 орын – 500000 теңге, 3 орын – 300000 теңге.
Үш кезеңнен тұрған байқауға облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов бастаған топ қазылық етті. Қатысушылар өзін-өзі таныстыру, білім беру ұйымының моделі мен мекеме жетістіктерінің электронды портфолиосы сынды тапсырмалар бойынша сынға түсті.
Әр байқаудың өз жеңімпаздары болады. Бұл байқауда жүлделі бірінші орынды Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі иеленсе, екінші орын Панфилов ауданының Әулиеағаш орта мектебіне бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынды Кербұлақ ауданының Сарыөзек орта мектебі қанжығасына байлады. Арнацы номинациялар бойынша «Мектептің білім беру қызметіндегі инновациялық жоба» номинациясымен Ақсу ауданының І.Жансүгіров атындағы орта мектебі мадақталса, «Шығармашыл мектеп» номинациясымен Алакөл ауданының Достық орта мектебі марапатталды.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»