«ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ» байқауының жеңімпазы атанды

0
247

Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі ең көркем әрі қиын жанр. Көркем бейнені ақ қағаз бетіне айнытпай салып, дәлме-дәл бейнелеу екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Сұлу өнерді шебер меңгеріп, қабілетін шыңдап жүрген  «МЕЙІРІМ» шығармашылық орталығының талантты балаларының бірі – Аяжан Есімхан  республикалық «Жарық жұлдыз» байқауына қатысып, бірінші орынды иеленді.

Ол – Талдықорған қаласындағы  Құлжабай  Қасымов атындағы №28 IT  мектеп-лицейінің 4 «ә» сынып  оқушысы.  Бұған дейін де бірталай байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген Аяжан  Ержанқызы  болашақта қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан  Қастеев атасындай  танымал суретші болуды армандайды.

«Арманыма жету жолында аянбай тер төгіп,  бойымдағы өнерді одан әрі шыңдауға күш саламын»,  – дейді ол.

Байқау жеңімпазының  салған суреттері   балаларға арналған республикалық «Жарық жұлдыз» журналында   жарияланды. Өнеріңмен  өрге жүзе бер, АЯЖАН!

«АЛАТАУ –АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ