ҚҰРМЕТТІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
![](https://alataugazeti.kz/wp-content/uploads/2023/10/67a9984d-1865-4240-a596-14a1bd0db583-905x613.jpg)
11 қазан күні «ТАТЭК» АҚ-ның аумағында, Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай, Абылайхан және Алмалы көшелерінің ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілуде.
Жаттығу түрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдарға тартылған қызметшілердің заңды талаптарын орындауды сұрайды.
Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-катерлерге ден қоюға дайындығын тексеру.
Жетісу облыстық терроризмге
қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
1