«МЕРЕЙДІҢ» МЕРЕЙІ АРТТЫ

0
286

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мерей Кәкен Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының жүлдегері атанды.

Байқау Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам үздік мұғалім өздерінің зерттеулерін ұсынды.

Математика пәнінің мұғалімі Мерей Кәкен ұстаздар қауымына математикадан білім беретін веб-сайтты ұсынды. 224.kz — өзін-өзі оқыту алаңының атауы.

Ұстаз жасаған IT өнімдері Талдықорғандық оқушыларға ғана емес, еліміздің барлық оқушыларының «математика» пәнін меңгерудегі ассистенті әрі танымал білім беру алаңдарының біріне айналды. Мерей ұстазға 8 мыңнан астам адам жазылып, бейнероликтер 733 мыңнан астам рет қаралған. Жоба педагогикалық идеялар байқауында екінші орынға ие болды.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, педагогикалық идеялар фестивалі қазылар алқасымен, басқа мұғалімдермен кәсіби деңгейде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 


ПІКІР ЖАЗУ