МӨЛДІР БҰЛАҚ: ЖЕТІСУДА СУ ҚОЙМАЛАРЫ МЕН ӨЗЕН АРНАЛАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

0
209

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына  облыс тұрғындары, волонтерлер, жастар ұйымдары, медициналық және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, сонымен қатар, өңір спортшылары мен өнерпаздары – жалпы 103 мыңнан астам адам атсалысып, 803 техника жұмылдырылды. Экологиялық акция аясында  4 875 тонна қоқыс шығарылып, облыс аумағында  29 514 түп ағаш отырғызылды.

Бүгінгі таңда аталмыш акцияның «Мөлдір бұлақ» науқаны жалғасуда. «Мөлдір бұлақ» – өзен, көлдер маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жағажайларды қоқыстан тазартуға бағытталған экологиялық акциялардан тұрады.

Кербұлақ ауданында да экологиялық шаралар легі жалғасын тауып, Басши ауылындағы Аралтөбе және Енкөл су қоймаларына тазарту жұмыстары жүргізіліп, арнайы  сенбілік ұйымдастырылды.  Шараға барлығы 110 адам қатысты. Ал, Ескелді ауданы Көкжазық, Қайнарлы ауылдарына қарасты бұлақтардың көзі, өзен суларының арналары аршылды.  70-тен астам тұрғын  мен еріктілер қатысқан эко-шарада 6 тонна қоқыс шығарылып, 2500 м2аумақ тазартылды.

Бүгінгі таңда  облыс бойынша  20 мыңға жуық адамның қатысуымен, 50 экологиялық шара өткізу жоспарланған.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ» 


ПІКІР ЖАЗУ