ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

0
104

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Көксу ауданы Мұқыры ауылдық округіндегі Н.Алдабергенов ескерткішінің аумағы абаттандырылды.

Акцияға аудан, ауылдық округтердің 40-тан аса «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары қатысты.
Алғабас ауылдық округінің «Жасыл ел» жастар еңбек жасақшысы Аружан Ернарқызының айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің түкпір-түкпірінен орын алып, әр аймақта сенбілік өтуде. Бұл – жеріміздің жасыл аймаққа орануына септігін тигізбек.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ